2. Ұзақ мерзімді активтер есебі Материалдық емес активтердің нақты бары мен қозғалысын есепке алу 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің шоттарына жазылады. Осы шоттардың дебеті бойынша - материалдық емес активтердің айдың басы мен аяғындагы қалдықтары, олардың түсу операциялары көрсетіледі, кредит бойынша - материалдық емес активтердің шығарылымы көрсетіледі. 2700-шы бөлімшеге төмендегі шоттар кіреді:
2730 “Өзге де материалдық емес активтер”
2710 “Гудвилл”.
Материалдық емес активтердің түсуі мен шығарылуы «Материалдық емес активтерді қабылдау - беру актісінде (ү. №МЕА-1) көрсетіледі. Актіде материалдық емес актавтер түрінің дәл аты, оның кәсіпорынға берілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мәліметтер көрсетіледі.
2700 «Материалдық емес активтер» бвлімшесінің шоттарына талдамалық есепке алу «Материалдық емес активтерді» есепке алудың мүліктік қарточкаларында» (ү. №МЕА-2) керсетіледі.
Карточка кәсіпорынға түскен материалдық емес активтердің барлық түрлерін есепке алуда қолданылады. Материалдық емес активтердің әрбір жеке объекіісане бухгалтерияда мүліктік карточка ашылады. 2730 “Өзге де материалдық емес активтер” тобы бөлімшесі шоттары бойынша кредиттік айналымдары №12 журнал – ордерде бейнеледі.
Кәсіпорындар материалдық емес активтерді келесідей жолдармен алады:
Жарғылық капиталға салымдар жолымен
Кәсіпорынның қызмет процесінде сатып алу
Басқа кәсіпорынмен қосылу жолымен
Заңды және жеке тұлғалар пайдалануға бергенде.
Материалдық емес активтерді кәсіпорындар қатынасушылардың ақшалай төлеулерінің, өнімдерді, жұмыстарды және қызмет көрсетуді сатудан алынған табыстардың, құнды қағаздардан түскен табыстардың, банкінің қағаздарынан, тегін пайдалануға берілген төлемдердің және басқа заңды рұқсат етілген көздерден түскен табыстардың есебінен алады.
Материалдық емес активтердің құны оларды алуға жұмсалған нақтылы шығындардан және пайдалануға (жұмсалған нақтылы шығындардан) дайын жағдайға келтіруге жұмсалған шығындардан құралады.
Материалдық емес активтер заңды және жеке тұлғалардан алынғанда
Дебет шот 2700 «Материалдық емес активтер» (2710, 2730)
Кредит шот 1010, 1030, 3310, 4110
Құрылтайшылардың жарғылық капиталға өз үлестері есебінен енгізген материалдық емес активтерді кіріске алынғанда
Дебет шот 2730 “Өзге де материалдық емес активтер”
Кредит шот 5110 «Төленбеген капитал»
Материалдық емес активтер тегін түскенде, олардың бастапқы құны
Дебет шот 2730 “Өзге де материалдық емес активтер”
Кредит шот 6230 «Мемлекеттік субсидиялардан табыстар», 6220 «Тегін алынған активтерден табыстар».
Материалдық емес активтер кәсіпорыннан әртүрлі себептермен шығады:
- сату нәтижесінде;
- әрі қарай пайдаланудың тиімсіздігіне байланысты есептен шығару нәтижесінде;
- ақысыз тегін беру нәтижесінде және т.б.
Материалдық емес активтердің істен шығуында материалдық емес активтерді қабылдау – тапсыру Актін 2 данада толтырады.
Материалдық емес активтердің шығуы кезінде олардың баланстық құны Дебет шот 7410 «Активтердің шығуы бойынша шығындар», Кредит шот 2730 «Басқа материалдық емес активтер» жазбасы негізінде есептен шығарылады, ал жинақталған тозу сомасы келесі жазбамен есептен шығарылады: 2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы және құнсыздануы» тобы шотының дебеті, 2730 “Өзге де материалдық емес активтер” шотының кредиті.
Материалдық емес активтерді сатудан табыс келесідей жазба бойынша көрсетіледі:
Дебет шот 1010, 1030, 1210 және т.б.
Кредит шот 6210 «Активтерді сатудан табыс»
Жыл соңында 6210, 7410 шығын шоттары және 5610 «Қорытынды пайда (зиян)» шотымен жабылады, яғни, табыстар жиынтық табыстың көбеюіне, ал шығындар оның азаюына қарай есептен шығарылады.
Тегін берілген материалдық емес активтердің құнынан есептелген ҚҚС сомасына 7410 «Активтердің шығуы бойынша шығындар» шоты дебеттеледі, 3130 «Қосылған құн салығы» шоты кредиттеледі.
Мысал. Басқадай материалдық емес активтер 120 000 теңге сату құнымен сатылды. Баланстық құны 40 000 теңге. Амортизация – 60 000 теңге.