Ақша қаражаттарының қозғалысы - ақша қаражаттары мен олардың баламаларының түсімдері және төлемдері.
Ағымдағы валюталық бағам – дереу есеп айырысуға арналған айырбас бағамы.
Аралық қаржы есептілігі - не қаржы есептілігінің толық жиынтығынан не аралық кезеңдегі ықшамдалған қаржылық есептер жиынтығынан тұратын қаржы есептілігі.
Амортизация – активтің амортизацияланатын құнын оның пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі түрде бөлу.
Амортизацияланатын құн – жойылу құны шегерілген, активтің бастапқы құны немесе бастапқы құнының орнына көрсетілген басқа сома.
Азшылық үлесі – бас ұйым еншілес құрылымдары арқылы тікелей немесе жанама иелік етпейтін, еншілес ұйымның пайдасы мен залалының және таза активтерінің оның капиталындағы үлесіне тиетін бір бөлігі.
Әділ құн – жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін және бір-біріне тәуелсіз тараптардың арасында мәміле жасаған кезде активті айырбастауға болатын сома.