Тақырып 13. Табыстар мен шығындардың есебі
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Табыстар мен шығындар түсінігі, танылуы.
2. Сатылған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнының есебі.
3. Тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды сату бойынша шығындардың есебі.
4. Сатылған тауарлардың қайтарылуының есебі және сату мен баға шегерімдері
5. Көрсетілген қызметтер бойынша табысты тану. Шығындардың танылуы.
6. Кезең шығындарының есебі.
7 . Төтенше жағдайлардан болатын табыстар мен шығындар.
1. Табыстар мен шығындар түсінігі, танылуы
Табыстар –бұл активтердің келуі мен өсуі жолымен немесе субъектінің қызметі нәтижесінде иіндеттемелердің азаю жолымен экономикалық ресурстардың көбеюі. Шығындар – бұл активтердің азаюы не басқа да қызметтерді жүзеге асыруда , тауарларды өндіру не жеткізу салдарынан қарыздардың пайда болуы, яғни міндеттемелердің көбеюі. Басқаша айтқанда , шығындар – бұл табыс табу мақсатында таурларды өндіруге не қызметтер көрсетуге кеткен шығындар.
Пайда- бұл кәсіпорынға қатысты негізгі және негізгі емес қызмет нәтижесінде капиталдың өсуі, бұған акционерлік капиталға жарна жатпайды.
Зияндар- бұл кәсіпорынға қатысты жағдайлардан капиталдың азаюы.
Тану – кәсіпорынның қаржылық есебінде баптарды енгізу процесі. Тану есептің жиынтық көрсеткіштеріне сомаларды бейнелеуден тұрады. Танудың төрт критерийі : анықтау, бағалау, мерзімділік, сенімділік.
Табыс- кәсіпорынның өзінің сатып алушыларына қандай да бір уақыт кезеңі ағымында берген қызметтері немесе өнімдерінің жиынтығын ақшалай бейнелеу.
Табыстар есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндететмелердің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін, яғни экономикалық пайда табуды айтады. Мұндай табыстарға : дайын өнімдер мен тауарларды сатудан алынатын табыстар; қызмет көрсетуден алынатын табыстар; дивидендтер, роялти және процент түрінде алынатын және т.б. табыстар жатады.
Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты негізгі қызметтен және негізгі емес қызметтен алынған табыстар болып бөлінеді. Негізгі қызметтен алынған табыстар мен негізгі емес қызметтен алынған табыстардың қосындысы оның жиынтық табысын құрайды.
2. Сатылған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнының есебі
Сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын есепке алуға 70 бөлімшенің 7010 «Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны» шотында жүргізіледі. Бұл шот бойынша өнім өндіретін, жұмыстар істейтін және қызметтер көрсететін және босатылған өнімдердің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнын есепке алуға арналған. 7010 шоттың дебетінде сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құны есепке алынады да, есепті кезеңнің аяғында осы шоттың кредитінен 5610 «Қорытынды пайда (залал)» шотының дебетіне жазылады.
7010 «Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны» шоты бойынша талдау есебі сатылатын бұйымдардың, жұмыстардың және қызметтердің түрлері бойынша ұйымдастырылады. Талдау есебі үшін машинограммалар не ведомостар пайдаланылады, оларда бір айдағы және жыл басынан бергі өнімнің, жұмыстың және қызметтердің саны мен өзіндік құны көрсетілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |