Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар. Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Аудиттің пайда болуы және дамуы туралы не білесіз?
2.Аудит пәні не, оның қандай объектілері бар?
3.Аудиттің қандай принциптері бар?
4.Аудиттің қандай мақсаттары мен міндеттері бар?
5.Аудиттің қандай әдіс-тәсілдері болады?
Тақырып 17.Аудиттің стандарттары және аудиторлардың мамандық этикасы Дәріс сабағының мазмұны: 1. Аудит стандарттары.
2. Аудиттің мамандық этикасының кодексі.
1. Аудит стандарттары
Шаруашылык субъектілерінің жұмысы өзінің жарғылық құжатына сәйкес жүргізіледі де, ал жұмыскерлер сол заңның талабына сәйкес белгіленген тәртіпке байланысты өз қызметін атқарады. Аудиттің стандарты және нормативтері екінші топқа жататын құжаттар. Олар арқылы аудит жұмысын тікелей бір жүйеге келтіріп отырады. Олар өз кезегінде аудит теориясынын үшінші элементі деп саналады. Аудит постулаты арқылы аудит стандартының мазмұны анықталады, ал аудит стандарты мен нормативтері аудит жұмысының сапалылығын анықтайды. Аудит жұмысы осы стандарттар мен нормативтердің талабына сәйкес бір жүйеде жүргізіліп, оның, міндеті мен мақсатын орындайды.