Салыстырмалылық. Қаржылық ақпарат қажетті де мазмұнды болуы үшін, бір есепті кезеңді екінші есептік кезеңмен салыстырып, сәйкестілік, бір ізділік негізінде қарау керек.
Тұтастылық.Қаржылық есептегі ақпарат тұтас, толық болуы керек.
Бірізділік.Есептің таңдалған әдістері мен қабылданған әдістемесі оны өзгертуге нақты себептер туындамайынша өзгермеуі керек.
Дұрыс, шын түсінік қалыптастыру. Қаржылық есеп берушіліктер тұтынушыларға субъектінің қаржылық жағдайы, қаржылық-шаруашылық қызмет қорытындылары және ақша қаржыларының қозғалысы туралы шындықты, айқын түсінікті қалыптастыруы қажет.
Уақыттылық.Ақпарат өз уақытында қалыптасып, ұсынылуы қажет.
Бухгаптерлік есеп концепциясы мынаны айқындайды:
Бухгалтерлік есепте қалыптасатын ақпарат тұтынушыларға пайдалы болуы керек.
Бухгалтерлік есепте қалыптасатын ақпарат мүдделі тұтынушыларға пайдалы болуы үшін, ол сенімді де салыстырмалы болуы керек. Бухгалтерлік есепте қалыптасатын ақпараттың пайдалылығын анықтайтын талаптарды ұйымның басшылығы бекітеді.