Тақырып 11. Ұзақ мерзімді активтердің есебі. Дәріс сабағының мазмұны: 1. Ұзақ мерзімді активтер түрлері, олардың жіктелуі
2. Ұзақ мерзімді активтер есебі
1. Ұзақ мерзімді активтер түрлері, олардың жіктелуі Материалдық емес активтер деп табиғи негізі жоқ, бірақ құндық бағасы бар және табыс әкелетін қасиеттері бар ұзақ мерзімді пайдаланылатын объектілерді атайды.
Өндірістік шаруашылық қызметтегі атқаратын функциясы және мақсатына байланыстыактивтер келесі топтарға бөлінеді:
интелектуалдық меншік; мүліктік құқық; басқалары.
Интелектуалдық меншікке мыналар жатады:
Фирма бағасы (гудвилл); тауар белгілері; ноу-хау; авторлық және қатар құқықтар.
Мүліктік құқықтарға келесілер жатады:
Жер учаскелері, суда, тағы басқа табиғи ресурстарды пайдалану, есептеу техникаларын бағдарламалық қамтамасыз ету құқығы және т.б.
Басқа материалдық емес активтерге келесілер жатады: ұйымдастыру шығындары, ғылыми-зерттеу нұсқаулары, тәжірибе-конструкторлық нұсқаулар.
Материалдық емес активтер ұзақ мерзімді және табиғи-заттай мағынасыеда ғана материалдық емес болып табылады.
Нарықтық экономиканың дамуына қарай кәсіпорынның мүліктеріндегі материалдық емес активтердің маңызы мен үлесі артып отырады. Бұл техника мен технологияның дамуымен, ақпараттардың таратылуымен, экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты. Материалдық емес активтер алыну құны бойынша есепке алынады, яғни оларүшін төленген сомалар бойынша есептеледі.
Кейбір гудвилл, сауда маркалары сияқты материалдық емес активтер алғашында төмен баға немесе ақысыз алынуы мүмкін. Кейіннен олардың құндылығы артса да, байланысты құны өзгермейді. Материалдық емес активтер нарық бағасы бойынша есепке көрсетіледі.
Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар (ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал және басқалар).
Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы көптеген өндіріс цилында пайдаланылады. Осы уақыт ішінде олардың құны өндірілетін өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына біртіндеп ауысады.
Экономикалық мақсатына қарай негізгі құралдар өнеркәсіптік-өндірістік негізгі құралдар, басқа салалардың өндірістік негізгі құралдары және өндірістік емес негізгі құралдар болып бөлінеді.
Халық шаруашылығының әрбір саласында негізгі құралдар бұйымдық-заттық белгілері бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
ғимараттар;
құрылыстар;
өткізгіш жабдықтар;
машиналар мен жабдықтар;
көлік құралдары;
аспаптар;
өндірістік инвентар және керек жарақтар;
шаруашылық инвентары;
биологиялық активтер;
библиотека қоры;
жерді жақсартуға жұмсалатын күрделі шығындар;
басқа да негізгі құралдар.
Кімге қарайтынына қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, жұмыс істемейтін (консервациядағы) және қосалқыдағы болып бөлінеді.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.
Негізгі құралдардың қозғалысына байланысты операцияларды көрсетуде бағалаудың бірнеше түрлері қолданылады. Есептеу тәжірибесінде алғашқы, ағымдағы, баланстық, жою және әділ құндары ажыратылады.