Ќазаќстан республикасы



бет7/27
Дата07.02.2022
өлшемі1,97 Mb.
#85575
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Байланысты:
ОӘҚ-HTML тілі

1.4. HTML-құжатты дайындау


HTML-құжат – бұл аты аты.htm түріндегі қарапайым мәтіндік құжат. Мынадай HTML-құжатты Блокнотта теріп шығыңыздар:


Менің алғашқы парағым
1-ші мысал


Сәлем!


Бұл HTML-құжаттың ең қарапайым мысалы.
Мәтіндер алты түрлі көлеммен көрсетіле алады, олардың
түсін де, қаріп типін де, фон түсін де өзгертетін мүмкіндіктер
бар. Мәтін ішіне суреттер, дыбыстық әуендер орналастыруға
да болады.





Енді осы терілген құжатты, мысалы, Айна.htm деген атпен дискі­де сақтау керек. Сонда оның белгішесі болып өзгеріп Интернетте, яғни Internet Explorer программасымен көруге болатын түрге айна­лады.
Бұл Айна.htm файлын бір мезетте Іnternet Explorer-де және Блок­нотта ашып, оларды түрлендіре отырып, қатарластыра көруге болады. Ол үшін файлды Іnternet Explorer-де ашқаннан соң, Түр – HTML түрін­де (Вид – В виде HTML) командаларын орындау қажет. Сонда файл­дың алғашқы мәтіні Блокнотта ашылып, оны түрлендіріп өзгерту мүмкін­дігіне ие боламыз. Қажетті өзгертулер енгізіп оны қайта дискіге жазып сақтап қою қажет. Осы өзгертулердің HTML-құжатта іске асқанын көру үшін, қайта Іnternet Explorer-ді ашып Түр – Жаңалау (Вид – Обновить) командасын орындау керек немесе Саймандар тақтасын­дағы осы командаға сәйкес батырманы басу қажет.
Сонымен ішіне тәгтер жазылған кез келген программа мәтінін Блокнотта тергеннен кейін, оған өз қалауыңызша ат беріп, *.htm (* – кез келген ат) түрінде сақтау керек. Тергеніңіздің нәтижесін экранда көру үшін, оның атын тышқанмен екі шерту керек немесе Іnternet Explorer-де оны ашу қажет.
Келесі тарауларда HTML тәгтерін толығырақ қарастырып, олар­дың құжаттарды бейнелеуінен нақты мысалдар келтірейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет