Қазақстан Республикасы
Зкриянова Г.А.-Павлодар облысы Ақсу қаласы, №7 орта мектебі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Қазақстан Республикасы тақырыбына байланысты білімдерін толықтыру. Тапсырмалар арқылы өз білімдерін бағалауға жаттықтыру.
2.Дамытушылық: Ауызекі сөйлеуді дамыту, сөздік қорын молайту, әңгіме жазуға дағдыландыру. Сын тұрғысынан ойлау стратегия жұмыс дамыту.
3.Тәрбиелік: Отанымызға, туған елімізге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сбақтың көрнекілігі: Суреттер, кітап
Меңгерілетін сөздер: Көмір, мұнай, темір, мыс, кендері т.б.
Сабақтың әдіс- тәсілдер: Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, сайыс ойыны.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
-амандасу
-түгендеу
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: ереже
ІІІ. Жаңа тақырып:
1.Оқушылар Қазақстан Республикасының әнұраның орындайды.
2.Сұрақ-жауап әдісі
-Отан деген не?
-Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны қалай аталады?
-Дұрыс. Ендеше, бүгін біздің тақырыбымыз «Қазақстан Республикасы».
-Біз бүгін сабақта не істейміз деп ойлайсыңдар?
Енді жаңа сөздермен жұмыс.
1.Сөздік жұмыс:
Көмір-уголь ерекше-особенный
Мұнай-нефть мақта-хлопок
Темір-железо мақтан етемін-горжусь
Мыс-медь биіктеген сайын-чем выше
Кендері-ископаемые мөлдір-прозрачный
1.Мұғалім айтуы
2.Оқушылардың тыңдап, қайталауы (хормен және бірнеше оқушыға жеке-жеке қайталатқызу)
3.«Түн-күн» ойын өткізу.
2.Кітаппен жұмыс
Енді, балалар «Жері байдың-елі бай» мәтіні бойынша жұмыс жасаймыз.
Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топтың спикері болу керек, оны ұмытпандар.
І топ «Астана»
Мәтінің бірінші абзацын аудармасын дайындайды.
ІІ топ «Алматы»
Мәтінің екінші абзацын аудармасын дайындайды.
Екі топтың аудармасын тексеремін.
Келесі тапсырма әр топ мәтінінен тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жазыңдар. (Отанымыз, Республикамыз)
Әр топ мәтінге әр түрлі сұрақтар дайындандар
мысалы:
-Біздің Отанымыз қалай аталады? Қазақстан
Келесі тапсырма
І топ
Сөз тіркестеріндегі көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауларын жалғап, аударындар.
Менің Отан...., Сенің Республика....., Менің ел...., Менің қала....., Менің көше..... .
ІІ топ
Сөз тіркестеріндегі көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауларын жалғап, сөйлем құрастырыңдар.
Оның Республика....., Сенің астана......, Оның Отан......, Оның ел.....
Ендігі тапсырма
І топ
«Қазақстан Республикасы» тақырыбына диалог құрастырыңдар.
мысалы
-Қазақстан қандай мемлекет?
-Қазақстан тәуелсіз егеменді мемлекет.
ІІ топ
«Қазақстан Республикасы» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.
І топ, ІІ топ
Қорытындылау: Енді сабағымызға қорытынды жасайық. Алдарыңда парақ қағаздары жатыр. Әр топ өздерінің тандаған әдісмен жұмыс істейді. Тапсырмаларынды орындап болғасын, әр топтың 1 оқушысы шығып өз жұмыстарын қорғайды.
Әр топтың спикерлері өз топтарының оқушыларын бағалайды.
Үйге тапсырма: І топ «Қазақстан Республикасы» тақырыбына реферат жазып келелі. ІІ топ «Қазақстан Республикасы» тақырыбына шағын шығарма жазсын.
Достарыңызбен бөлісу: |