Пән бойынша үлгерімді бақылау келесі түрде жүзуге асырылады:
- ағымдағы бақылау («Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» пәнінің оқу процесінің күнтізбелік графигіне сәйкес жүргізіледі)
- межелік бақылау (7 және 15 апталар)
- қорытынды бақылау (бір рет академиялық мерзімнің соңында өткізіледі – компьютерлік тестілеу түрінде емтихан)
Ағымдағы бақылау кезінде студенттің дәріс және лабораториялық сабақтардағы жұмысы бағаланады, сонымен қатар үй тапсырмаларын орындау, рефераттарды жазу және т.с.с.
Межелік бақылау – оқытушының қатысуымен тесттерге жауап беру және аудиториялық бақылау жұмыс орындау.
Пән бойынша баға 100 %-тік шкала бойынша пайыздық мөлшерімен қойылады. Қорытынды рейтінгті есептеуде баллдарды жинақтау принципі қолданады, яғни бірінші межелік бақылау алдында жиналған баллдар екінші межелік бақылаудың баллдарына қосылады. Сонымен, екінші межелік бақылау (МБ2) қорытынды болып есептеледі.
Студенттердің рейтингтерін есептеу кезінде жұмыстардың барлық түрлері есепке алынады:
сабаққа қатысу (СҚ);
ОСӨЖ орындау графигі бойынша (3-кесте);
аудиториялық бақылау жұмысын (АБЖ) орындау;
ауызша жауап беру (АЖ)
СӨЖ орындау жоспары бойынша (3-кесте) үй тапсырмасын (ҮТ) орындау
әр студентке өзіндік жұмысы (ӨЖ) графигі (3-кесте) бойынша реферат орындау;
басқа жұмыстары бойынша, мысалы жұмыспен өтеу (ЖӨ - отработка)
Әр студенттің рейтингі «идеалды студенттің» жетістіктерімен салыстырылып қойылады. Ол үшін топ тізіміне қосымша «идеалды студент» еңгізіледі. Берілген тапсырмалардың бәрін тиянақты орындаған студент жоғары рейтингке ие болады.
Емтиханға екінші межелік бақылаудың рейтингісі 50 % жоғары студенттер жіберіледі.
Бағалау саясаты
Әрбір курс компоненті бойынша бағалар келесі түрде қарастырылады:
Сабаққа қатысу 1 сағ – _3 балл;
Дәріске қатысу 1 сағат – 2 балл
Тәжірбиелік сабақтағы жұмыс (жұмысты орындау және қорғау) – 12 балл (1 аптада), 26 балл (2-8 аптада), 28 балл (9- 15 аптада);
СӨЖ (жұмысты орындау және қорғау) 20 балл (3,5,7,10,12,14 апталарда).
Рейтингті есептеу 2 кесте көмегімен есептеледі және оқытушының журналына толтырылады. Кестенің әрбір ұясында рейтингті есептеуге қажетті баллдар көрсетілген. Кестедегі берілген бойынша идеальды студент 100 пайыз жинаған баллымен көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |