Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы



бет1/2
Дата05.04.2023
өлшемі16,73 Kb.
#173843
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
Дидактика 1 қаз


Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Мақсаты

Еңбек өнімділігін арттыруға және өңделген тауарлар экспортының көлемін ұлғайтуға бағытталған өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін екпінді ынталандыру.

Міндеттер

1) дәстүрлі секторлардағы кәсіпорындарды жаңғырту есебінен тиімді базалық индустрияны құруды аяқтау;
2) сала түзуші ірі жобаларды іске асыру арқылы индустриялық өсудің жаңа нүктелерін қалыптастыру;
3) экспортқа және (немесе) өз еңбегінің өнімділігін үнемі арттыруға бағдарланған тиімділігі жоғары индустриялық кәсіпкерліктің пайда болуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
4) инновациялық белсенді бизнестің сындарлы мөлшерінің пайда болуы үшін алғышарттар жасау.

Іске асыру мерзімі

2015-2019 жылдар

Нысаналы индикаторлар

2019 жылға қарай мынадай экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу:
1) өңдеуші өнеркәсіп өнімі экспортының құндық көлемінің 2015 жылғы деңгейге қарағанда 19%-ға өсуі;
2) өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің 2015 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 22%-ға өсуі;
3) өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына инвестициялар көлемі 4,5 трлн. теңге сомасында;
4) өңдеуші өнеркәсіптегі энергия сыйымдылығының 2014 жылғы деңгейге қарағанда кемінде 7%-ға төмендеуі.

Қаржыландыру көздері мен көлемі

Бағдарламаны 2015-2019 жылдары іске асыруға республикалық бюджетте көзделген жалпы шығыстар 878,3 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:
2015 жылы - 134,98 млрд. теңге;
2016 жылы - 177,42 млрд. теңге*;
2017 жылы - 359,31 млрд. теңге*;
2018 жылы - 178,73 млрд. теңге*;2019 жылы - 27,86 млрд. теңге*.

Мәтін:
Ғылым мен техниканың дамуындағы жаһандық және отандық үрдістерге, сондай-ақ басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін айқындауға негізделген сараптамалық топтар Қазақстанның 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының мақсаттары мен міндеттерін қалыптастырды. Елдің ғылыми және технологиялық дамудың мақсаттары мен мақсаттарына жетуі қажет негізгі ғылыми және технологиялық бағыттары мен технологиялары анықталды.
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының он екі басым секторларының бірі болып табылатын ауыл шаруашылығы, тау-кен және металлургия кешені, энергетика, мұнай-газ секторы, инжиниринг, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, химия және мұнайхимиясы сияқты салалар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет