Қазақстан республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді



бет22/24
Дата29.12.2021
өлшемі99,22 Kb.
#106273
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Акушерия тесттер..

23. Акушерлік жарақаттар

1. Аралықтың жыртылуы жиі кездеседі:

а)бірінші босанатын әйелдерде

б) бұрын босанған әйелдерде

в) көп босанған әйелдерде

г) етеккір қызметі бұзылған әйелдерде

д)кеш босанған әйелдерде

2. 1-ші дәрежелі аралықтың жыртылуында:

а) жатыр мойны жарақаттанады

б)аралықтың терісі жарақаттанады

в) тік ішіктің қабырғасы жарақаттанады

г) жыныс ернеулері жарақаттанады

д) жатыр мойны және жыныс ернеулері жарақаттанады

3. 2-ші дәрежелі аралықтың жыртылуында:

а) аралықтың терісі жарақаттанады

б)аралықтың бұлшық еттері жарақаттанады

в) тік ішектің қабырғасы жарақаттанады

г) жатыр мойны жарақаттанады

д)жатыр жыртылады

4. 3-ші дәрежелі аралықтың жыртылуында:

а) аралықтың терісі жарақаттанады

б) аралықтың бұлшық еті жарақаттанады

в)тік ішектің қабырғасы және сфинктері жарақаттанады

г) жатыр мойны жарақаттанады

д)жатырдың қынап күмбезінен бөлінуі

5. Аралықтың жыртылу қаупінің клиникалық белгілері:

а) терісі ісінеді

б) терісі қызарады

в)терісі бозарып, жылтырайды, майда сызықтар пайда болады

г) жыныс жолдарынан қан кетеді

д)барлық жауабы дұрыс

6. Аралықтың жыртылу қаупінде жасалады:

а)перинеотомия, эпизиотомия

б) жатыр мойнына тігіс салынады

в)жатыр мойнын саусақпен кеңейтеді

г)кесар тілігі жасалады

д) қынаптық тексеру жүргізіледі

7. Аралықтың жыртылу себебі:

а) преэклампсия

б) толғақ әлсіздігі

в) баланың көлденең орналасуы

г) аралықтың биік болуы

д) тар жамбас

8. Босану жарақаттарын анықтау мақсатында:

а) перинеотомия жасалынады

б) жатыр мойны және қынап қабырғалары айнамен қаралады

в) жатырды жиыратын дәрілер енгізіледі

г) қынаптық тексеру жүргізіледі

д)ректальді зерттеу

9. Жатыр мойны жарақатының әйелге қауіптілігі:

а)қан кету

б) қан қысымының көтерілуі

в) дене қызуының көтерілуі

г) преэклампсияның дамуы

д)барлық жауабы дұрыс

10.Жатыр мойнының жыртылуының I дәрежесі:

а)жатыр мойнының 2 см – ге дейін жыртылуы

б) жатыр мойнының 2 см – ден жоғары жыртылуы

в) жатыр мойнының қынап күмбезіне дейін жыртылуы

г) жатыр мойнының 1 см – ге дейін жыртылуы

д)толық жыртылу

11.Жатыр мойнының жыртылуының II дәрежесі:

а) жатыр мойнының 2 см – ге дейін жыртылуы

б)жатыр мойнының 2 см – ден жоғары жыртылуы

в)жатыр мойын қынап күмбезіне дейін жыртылуы

г)жатыр мойнының 1 см – ге дейін жыртылуы

д) толық жыртылу

12.Жатыр мойнының жыртылуының III дәрежесі:

а) жатыр мойнының 2 см – ге дейін жыртылуы

б) жатыр мойнының 2 см – ден жоғары жыртылуы

в) жатыр мойнының қынап күмбезіне дейін жыртылуы

г) жатыр мойнының 1 см – ге дейін жыртылуы

д) толық жыртылу

13.Жатырдың жыртылуының себептері:

а) гидроцефалия

б) анэнцефалия

в) микроцефалия

г)гипотрофия

д)макроцефалия

14.Жатырдың жыртылу қаупінің клиникалық белгілері:

а)толғағы қатты, аурушаң болады, әйел мазасызданады

б) әйел ұйқыға кетеді

в)әйелде үрей пайда болады

г) жыныс жолдарынан қан кетеді

д)қан кысымы және дене қызуы көтеріледі

15.Жатырдың жыртылған орнына байланысты жіктелуі, біреуінен басқа:

а) жатыр түбінің жыртылуы

б) төменгі сегментінің жыртылуы

в) жатырдың денесінің жыртылуы

г)жатыр түтікшесінің жыртылуы

д)жатыр мойнының III дәрежелі жыртылуы, жатырдың қынап күмбезінен бөлінуі

16.Жатырдың жыртылуының теориясын кім ашқан?

а) Я.Ф.Вербов

б) В.П.Снегирев

в) А.Я.Крассовский

г) М.С.Малиновский

д)В.Е.Радзинский

17.Жатырдың жыртылуының клиникалық ағымына қарай жіктелуі:

а) жатырдың жыртылу қаупі

б) жатырдың жыртыла басталуы

в) жатырдың жыртылуы

г)барлық жауабы дұрыс

д)кесар тілігінен кейіңгі тыртықтың жыртылуы

18.Толғақты тоқтататын дәрі-дәрмек:

а)20%-10,0 оксибутират натрий ерітіндісі

б) 50% - 2,0 анальгин ертіндісі

в)5,0 баралгин ерітіндісі

г) 2%-2,0 папаверин ерітіндісі

д)25%-20,0 магнезий сульфат ерітіндісі

19.Жатыр жыртылғаннан кейін босану әрекеті:

а) жалғасады

б)тоқтайды

в) күшейеді

г) әлсірейді

д)дұрыс жауабы жоқ

20.Босанудан кейінгі жыланкөздер өздігінен жабылмаса қай уақытта операция жасалады?

а) босанудан кейін 1 апта өткен соң

б) босанудан кейін 2 ай өткен соң

в)босанудан кейін 4 ай өткен соң

г) босанғаннан кейін 1 жыл өткен соң

д) босанғаннан кейін 3 ай өткен соң

21.Босанудан кейінгі жыланкөздердің пайда болу себебі:

а)ұрық басының бір жазықтықтың бойында ұзақ тұруы (2 сағаттан көп тұруы)

б)гипотониялық қан кету

в)эклампсияның дамуы

г)кесір тілігі арқылы босандыру жағдайында

д)үшінші кезеңінің ұзақ созылуы
22.Босанудан кейінгі жыланкөздің дамуы қай уақытта анықталынады?

а) босанудан кейінгі 20-22 күнде

б)босанудан кейінгі 5 – 7 күнде

в) босанудан кейінгі 3 – 4 күнде

г) босанудан кейінгі 40 күнде

д) босанудан кейінгі 15 күнде

23.Қасаға сүйегінің ажырауы анықталынады:

а) ультрадыбысты зерттеу арқылы

б) жатыр мойнын айнамен қарау арқылы

в) қынаптық тексеру арқылы

г)рентгенге түсіру арқылы

д)биопсия арқылы

24.Қасаға буынының ажырауы кездеседі, біреуінен басқа:

а) тар жамбаста

б) ірі ұрықта

в)акушерлік қысқаш салу операциясында

г) кесар тілігі операциясында

д) толғақ әлсіздігі

25. Аралықтың жыртылу себебі:

а) преэклампсия

б) толғақ әлсіздігі

в) баланың көлденең орналасуы

г) тар жамбас

д)эклампсия




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет