Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы


-тарау. Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары



бет3/16
Дата17.10.2023
өлшемі211,07 Kb.
#186049
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
92 приказ рк

2-тарау. Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары
3. Жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және жүктіліктен тыс барлық жас топтарындағы әйелдерге (оның ішінде мүгедектігі бар) медициналық көмек денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде ұсынылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.12.2022 № ҚР ДСМ-156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Денсаулық сақтау ұйымдарында жүкті, босанатын әйелдерді, гинекологиялық науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету кодекстің 7-бабының 47) тармақшасына сәйкес бекітілген белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес дәрілік формулярлар негізінде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде жүзеге асырылады.


5. Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары (бұдан әрі – МҰ):
1) жүктіліктен тыс, жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдерге және бала мен жасөспірім жастағы қыздарға дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсету;
2) медициналық көмектің қолжетімділігін және медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ететін іс-шараларды жүргізу;
3) ұрпақты болу жасындағы әйелдерге отбасын жоспарлау жөнінде қызметтерді ұсыну болып табылады.
6. Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) тәулік бойы медициналық байқау мен емдеу көзделмейтін амбулаториялық жағдайларда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде;
2) тәулік бойы медициналық байқау, емдеу, күтім, сондай-ақ тамақпен бірге төсек-орын беру көзделетін стационарлық жағдайларда, оның ішінде емдеу басталғаннан кейін алғашқы тәуліктер ішінде тәулік бойы байқау көзделетін "бір күннің" терапиясы және хирургиясы жағдайларында;
3) тәулік бойы медициналық байқау мен емдеу қажет етілмейтін және төсек-орын беріле отырып, күндізгі уақытта медициналық байқау мен емдеу көзделетін стационарды алмастыратын жағдайларда;
4) үйде: медицина қызметкерін, мобильдік бригаданы шақырған, медицина қызметкерлерінің белсенді патронажы кезінде, емдеу үйде (үйдегі стационар) ұйымдастырылған кезде;
5) санаторийлік-курорттық ұйымдарда;
6) медициналық ұйымнан тыс: жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылған жерде, тасымалдау кезінде санитариялық автокөлікте және медициналық авиацияда, сондай-ақ медициналық пойыздарда, жылжымалы (далалық) медициналық кешендерде, далалық госпитальдарда, трассалық медициналық-құтқару пункттерінде және қашықтықтан медициналық қызметтер көрсету кезінде көрсетіледі.
7. "Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 21856 болып тіркелген) сәйкес акушерлік-гинекологиялық көмекті МҰ акушер-гинеколог дәрігерлер, терапевтер, жалпы практика дәрігерлері, отбасылық дәрігерлер, сондай-ақ орта медицина қызметкерлері: мейіргер немесе кеңейтілген практиканың медициналық ағасы, фельшер, акушер, мейіргер (аға) учаскелік және (немесе) жалпы практика мейіргерлердің (аға) талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
"Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 21818 болып тіркелген) сәйкес маманды сертификаттауды жүргізу тәртібі регламенттелген.
8. Жүкті, босанатын, босанған және барлық жас топтарының гинекологиялық науқастарына акушерлік-гинекологиялық көмекті денсаулық сақтау субъектілері Кодекстің 115-бабының 3-тармағына сәйкес жүргізеді.
9. Жүктіліктің ерте (жүктіліктің 22 аптасына дейін) және кеш (жүктіліктің 22 аптасынан кейін) мерзімінде қан кеткенде, ауыр преэклампсияда, эклампсияда, босанғаннан кейінгі қан кетулерде және септикалық жағдайларда, сепсисте жүкті, босанатын, босанған әйелдерге денсаулық сақтау ұйымдарында шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне сәйкес осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес қамтамасыз етіледі.
10. Жүктіліктің ерте және кеш мерзімінде қан кетулер, босанғаннан кейінгі қан кетулер, преэклампсия, эклампсия, септикалық жай – күйлер, сепсис кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету үшін бағалау парақтарын (бұдан әрі-бағалау парағы) толтыру осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
11. "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес зорлық-зомбылық және дене жарақаттарының фактілері анықталған жағдайда медициналық көмек және "Медициналық оңалту көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 21381 болып тіркелген) сәйкес оңалту емі көрсетіледі, жәбірленушілердің жүгіну фактілері туралы және оган көрсетілген медициналық көмек туралы ішкі істер органдарына хабарлайды;
12. Жасөспірімдерде жүктілік анықталған кезде мыналарды жүзеге асыру қажет:
1) жасөспірімдерде жүктілік анықталғаннан кейін 3 сағат ішінде ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдерді хабардар ету;
2) жүкті әйелге, сондай-ақ оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне психологиялық қолдау көрсету және консультация беру;
3) ішкі істер органдарына кәмелетке толмағанның жүктілік фактісі туралы анықталғаннан кейін 3 сағат ішінде хабардар ету;
4) кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық көмек, заң консультациясын беруді қамтиды.
13. МҰ "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бұйрығына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) сәйкес бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізуді қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет