мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын: «5-тарау. Күрделі жағдайдағы жүкті әйелдерге, босанатын, босанған әйелдерге Республикалық күрделі акушерлік орталығында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру 123. Перинаталдық көмекті өңірлендірудің 1,2,3-деңгейлеріндегі медициналық ұйымдарда жүкті әйелдерде, босанатын, босанған әйелдерде күрделі жағдайлар анықталған кезде Шұғыл медицина ұлттық үйлестіру орталығына көрсетілімдер бойынша санитариялық авиация нысанында медициналық көмекке мұқтаж пациенттің медициналық картасынан үзінді көшірмені жібері жүзеге асырылады;
124. Шұғыл медицина ұлттық үйлестіру орталығы жүргізу тактикасын түзету, емдеу, сондай-ақ көрсетілімдер мен тасымалдау үшін жағдайларды айқындай отырып ауыстыру туралы мәселені шешу үшін телемедициналық консультациялар мен білікті мамандардың өңірлерге шығуын үұйымдастыруды жүзеге асырады;
125. Санитариялық авиация желісі бойынша тасымалдау перинаталдық көмекті өңірлендірудің анағұрлым жоғары деңгейіне, бейінді республикалық орталықтарға және көрсетілімдер бойынша Республикалық күрделі акушерлік орталығына келісім бойынша жүзеге асырылады.
126. Республикалық күрделі акушерлік орталығы мыналарды:
1) күрделі жағдайдағы әйелдерге босанғаннан/түсік тастағаннан кейін 42 тәулік ішінде мамандандырылған және жоғары технологиялық көмек көрсетуді;
2) диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес стационарлық медициналық көмек көрсетуді;
3) жеке тәсілді ескере отырып, босанатын әйелдерге диагностикалық, емдік-профилактикалық көмек көрсетуді;
4) босанатын әйелдерге реанимациялық көмек және интенсивті терапия көрсетуді;
5) нозологиялар бойынша оңалту іс-шараларын жүргізуді;
6) күрделі жағдай кезеңінде және одан кейін босанатын әйелдерге медициналық-психологиялық көмек көрсетуді;
7) медициналық-санитариялық алғашқы көмек медициналық ұйымдарымен, стационарлық деңгейдегі басқа медициналық ұйымдармен, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен сабақтастықты және ақпарат алмасуды;
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қазандағы № 907 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 56272 болып тіркелген) және «Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы» 2013 жылғы 6 наурыздағы № 128 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 72148 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес есеп беру және есептік медициналық құжаттаманы жүргізуді;
9) «University Medical Center» Корпоративтік корының «Ана мен баланы қорғау ұлттық ғылыми орталығына»; «Акушерлiк, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ-ға ай сайын ақпарат ұсынуды;
10) өз қызметінде профилактика, диагностика мен емдеудің әйелдердің денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге, ана өлім-жітімін қысқартуға бағытталған заманауи және тиімді технологияларын қолдануды;
11) дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың интенсивті терапия және ауыр науқастарды күту мәселелері бойынша кәсіби даярлығын арттыруды ұйымдастыруды, конференциялар/кеңестер, мастер-класстар өткізуді;
12) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы №357 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптары» санитариялық қағидаларын сақтауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 2-қосымшадағы «Хабарлауға жататын жүкті, босанатын, босанған әйелдердің қиын жағдайларының тізбесіне» мынадай өзгеріс енгізілсін: