Ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдама
Әзірлеу үшін негіздеме
Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары;
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары;
«Дені сау ұлт»: әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы;
Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 2030 жылға дейінгі ұлттық индикаторлары;
Әйелдердің, балалардың және жасөспірімдердің денсаулығын сақтаудың Жаһандық стратегиясы (2016-2030 жж.);
ДДҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясы
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 945 қаулысы.
Бағдарламалық құжатты әзірлеуге жауапты мемлекеттік органды, сондай-ақ іске асыруға жауапты мемлекеттік органдарды көрсету
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.
Іске асыру мерзімдері
2023-2030 жылдар
Осы Тұжырымдама Қазақстан Республикасының орта мерзімді және ұзақ мерзімді стратегиялық құжаттарын, Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму мақсаттарының түйінді элементі ретінде – салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жаста баршаның аман-cаулығын арттыруға жәрдемдесуде 3-орнықты даму мақсаттарын іске асыру үшін әзірленді.