БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 1 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары бекітілсін;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мүмкіндіктері шектеулі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспары бекітілсін.".
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш. Т. Кариноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
|
А. Аймагамбетов
|
|
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 12 мамырдағы
№ 195 бұйрығына
1-қосымша
|
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 557 бұйрығына
1-қосымша
|
Достарыңызбен бөлісу: |