Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»


-параграф. Жедел медициналық көмек, оның ішінде балаларға медициналық авиацияны тарта отырып көрсету тәртібі



бет6/8
Дата20.12.2023
өлшемі76,99 Kb.
#197979
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1027 12.01.2022 07
Сатыбалдинова С.зерт аспаптық, 9. hih g.-g kazak adebietinin tarih pani boi nsha 9 taps rma
3-параграф. Жедел медициналық көмек, оның ішінде балаларға медициналық авиацияны тарта отырып көрсету тәртібі

89. Жедел медициналық көмек, оның ішінде балаларға медициналық авиацияны тарта отырып Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21713) сәйкес көрсетіледі.


90. Перинаталдық көмектің үшінші деңгейінде ауыр жағдайдағы жаңа туған нәрестелерді республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына тасымалдауды өңірлендіру қағидаты бойынша санитариялық авиацияның мобильдік бригадасы жүзеге асырады.
91. Ауыр жағдайдағы нәрестелерді тасымалдау кезінде мыналар орындалады:
1) дене температурасын, тыныс алу қозғалысының жиілігін, жүректің жиырылу жиілігін, артериялық қысымын, оттегінің сатурациясын мониторингтеу;
2) көліктің инкубаторында оттегінің концентрациясын, ылғалдықты және қызуды мониторингтеу;
3) терапияның көлемін, басталуын және ұзақтығын ескере отырып инфузиялық терапия;
4) өкпені тиісінше желдету және организмнің тіршілік функцияларын қолдау (өкпені жасанды желдету аппаратының оңтайлы режімін және сәйкес параметрлерін орнату);
5) реанимациялық іс-шаралар (медициналық көрсетімдер болған жағдайда);
6) бұрын басталған терапияның сабақтастығы қағидаттарын сақтау (көрсетілімдері бойынша инотроптық терапия, аналгезия, седация, туа біткен даму ақауы кезінде асқазан-ішек жолдары ағзаларының сәйкес декомпрессиясы).
92. Жаңа туған нәрестелерді тасымалдау «өзіңе қарай» қағидаты бойынша жабдықталуы осы Стандартқа 9-қосымшаға сәйкес нәрестелерді тасымалдауға арналған реанимациялық бригада автомобилін жарақтандыру үшін медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесінде көзделген мамандандырылған көлікте жүзеге асырылады.
93. Баланы алып жүруші медицина қызметкері осы Стандартқа 10-қосымшаға сәйкес нәрестені тасымалдау хаттамасын 2 данада толтырып, емдеуге жатқызу кезінде оны медициналық ұйымға және санитариялық авиацияның өңірлік филиалына ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет