«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» орындалуы бойынша 2014 жылы Ұлан ауданында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат



бет3/3
Дата18.02.2018
өлшемі169,1 Kb.
#37794
1   2   3

2014 жылы Қасым Қайсенов кенті бойынша көше атын беру және қайта атау бойынша және «Аленушка» балабақшасының атын «Айжұлдыз» деп өзгерту бойынша құжаттары облыстық ономастика комиссиясынан қолдау тауып ауыстырылды.
Бозанбай ауылдық мәдениет үйіне Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Сағидолла Мұқашевтың аты берілді. Сондай-ақ,  Бестерек ауылындағы М. Горький мектебінің атын Ғадас Салықовтың атына, Привольное орта мектебінің  атын Мұрат Қожановтың атына өзгерту бойынша республикалық ономастика комиссиясынан қолдау тауып, өзгерту жөніндегі республика ұйғарымы келді. Бүгінгі таңда республикалық ономастика комиссиясының қорытынды қаулысы күтілуде.     
Восточное ауылындағы «Қазанның 17 жылы» мектебіне академик, қоғам қайраткері, қазақтың ұлы жазушысы, профессор Мұхтар Әуезовтың атын беру бойынша құжаттар дайындалып, құжаттар жинағы облыстық ономастика комиссиясына жолданды.    
2014 жыл көлемінде аудандық, облыстық газет беттерінен аудандағы тіл мәселесі бойынша 55 мақала жарық көрді. 2013 жылы 48 мақала  жарық көрген болатын. 

 

Бөлім басшысы Б. Шакеров



 

 

Тілдерді оқыту орталығы бойынша



Аудан көлемінде  тұрып жатқан өзге ұлты өкілдері  және орыс тілді мектептерде оқығандар өз елінің тілін меңгеруі үшін мемлекет тарапынан қаражат бөлініп , оларды оқытуға барлық жағдайлар жасалуда. 2013 жылы ашылған «Тілдерді оқыту орталығы» КМҚК-нына (ары қарай-орталық) бюджеттен 2014 жылы 4 млн.821 мың теңге қаражат бөлінді.

2013-2014, 2014-2015 оқу жылдарында  орталықтың  басымдық бағыты-  оқыту арқылы аудандағы мемлекеттік тілді меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесін 20 %-ға жеткізу болды. Нәтиже де жоқ емес. 2013-2014 оқу жылында оқыған 198 тыңдаушының 104-і мемлекеттік қызметші, бұл тыңдаушылардың 53%-ы. 2014 жылы азаматтардың мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтайтын Қазтест жүйесі қолданысқа енді, осы жүйе бойынша 2014 жылдың тамыз айында өткен тестілеуге  қатысқан 47 тыңдаушының 27-сі, яғни 58 %-ы (жоспар бойынша 20%) республикалық сертификат алды.

Қазақ тілімен қатар орталықта орыс және ағылшын тілдерін меңгеру үшін жағдай жасалуда. 2013-2014 оқу жылында орыс тілін 12 қандастар, ағылшын тілін 9  адам оқыды.
2014-2015 оқу жылының 1-жартыжылдығында 126 тыңдаушы оқуда, оның 109-ы қазақ тілін, 17-і ағылшын тілін меңгеруде.

Орталық мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілінде жазу сауаттылығын жетілдіру мақсатында акциялар ұйымдастырып отырады.


21-ақпан- Халықаралық ана тілі күні орталық «Әдемі сөйле,сауатты жаз!» атты өңірлік сауаттылық акциясын өткізді.  Акцияға 106 мемлекеттік қызметші қатысып, 20 % -ы диктантты сауатты жазғанын көрсетті.
1 желтоқсан- Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген Елбасы» акциясы аясында орталықтың В1 деңгей тыңдаушылары арасында диктант өткізілді.
Мемлекеттік қызметшілерді оқуға тарту жұмысы жалғастырылуда.

2014 жылдың қараша айында Ұлан ауданының полиция бөлімі мемлекеттік қызметшілері арасында «Қазтест» жүйесі негізінде алдын ала тестілеу өткізілді. Мақсаты- мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесін анықтау. Тестілеуді Тілдерді оқыту орталығы жүргізді, оған 49 қызметші қатысты. Қорытындысы бойынша 25 адам 2014-2015 оқу жылының 2-жартыжылдығында  «Қазтест» бойынша оқуға тартылатын болды.







 

 





Тілдерді оқыту орталығының
Директоры Ш. Иқамбаева

 
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет