Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында ағымдағы жылдың 21 ақпанында «Тіл – барлық білімнің кілті» атты орыс тілін білгірлерінің аудандық байқауы өткізіліп, байқау жеңімпазы Амангелдинова Малика Талғатқызы облыстық байқауға қатысып қайтса, этнос жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты аудандық байқауы ағымдағы жылдың 18 сәуірінде өткізілді. Бұл байқауда Жаңа Қанай орта мектебінің оқушысы Карпова Кристина бас жүлдені жеңіп алды. Өскемен қаласында 15 мамыр күні өткен «Абай оқуларына» Ұлан ауылының 11 сынып оқушысы Такенова Ольга Олеговна қатысып қайтса, 2014 жылдың 5-6 шілдесінде Катонқарағай ауылында өткен Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауына ауддандық байқаудың жеңімпазы, Бестерек ауылының 8 сынып оқушысы Кабиев Слямбек қатысып, «Сахна шебері» номинациясына ие болды.
«Тіл шебері» атты аудандық байқау өткізіліп, аталған байқаудың жеңімпазы Маханова Ақторғын облыстық байқауға қатысып қайтты.
|
|
Сондай-ақ, 2014 жылдың 10 наурызы мен 10 сәуірі аралығында ауданда «Тілімізді құрметтеп, тектілікті ту етсек» атты тіл айлығы өткізілді. Айлық барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының тегі мен әкесінің атын қазақша жазу тәжірибесін қазақ халқының қалыптасқан тарихи дәстүрлеріне сәйкес келтіруге байланысты аудан көлеміндегі мектептерде, қоғамдық орындарда, мекемелерде халыққа айлықтың мән-маңызын түсіндіруге бағытталған семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту мақсатында аудан көлеміндегі мекемелер мен мемлекеттік органдардағы іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру бойынша бөлімнің бас маманы С. Жуматаева ай сайын мемлекеттік органдар мен мекемелердің құжат айналымына мониторинг жасап, талдап отырады. Талдау нәтижесі бойынша мемлекеттік тілдің жалпы құжаттағы үлесі 2014 жылы 94,9 % жетті. Бұл көрсеткіш 2013 жылы 94,4 % болған.
Бүгінгі күні ауданның мемлекеттік органдарындағы мемлекеттік қызметшілердің 97 % қазақ тілінде іс жүргізе алады.
Тілдік саясатты жүзеге асыруда ономастика жұмысын реттеудің маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |