Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 002 жылғы тамыздағы n 345 Заңы


-бап. Мемлекеттiк органдар және баланың құқықтарын қорғау



бет16/18
Дата09.06.2023
өлшемі162,5 Kb.
#178495
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
бала құқығы туралы заң

44-бап. Мемлекеттiк органдар және баланың құқықтарын қорғау

Балалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауды өздерiнiң өкiлеттiктерiне сәйкес мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.




45-бап. Осы Заңды орындау кезiнде дауларды шешу тәртiбi

Ескерту. 45-баптың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


Ата-аналар (олардың орнындағы адамдар), сондай-ақ балаға бiлiм беру, оны тәрбиелеу, дамыту, оның денсаулығын сақтау, оны әлеуметтiк қорғау мен оған әлеуметтiк қызмет көрсету, оның әлеуметтiк бейiмделуiне, әлеуметтiк оңалуына жәрдемдесу жөнiндегi қызметтi және (немесе) ол қатысатын өзге де қызметтi жүзеге асыратын адамдар Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiпте, баланың денсаулығына, мүлкiне келтiрiлген зиянды, сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.


Ескерту. 45-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


46-бап. Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы мемлекеттiк баяндама

Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы мемлекеттiк баяндаманы балаларды қорғау саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады және ол ресми баспа басылымдарында жарияланады.


Ескерту. 46-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


47-бап. Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың құқықтарын қорғау

1. Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың өз мүдделерiнiң қорғалуына құқығы бар.


2. Баланың тұрып жатқан жерiндегi қорғаншы және қамқоршы органдар, аумақтық көшi-қон қызметтерi ата-анасының не өзге де заңды өкiлдерiнiң бар екендiгi және олардың тұратын жерi туралы мәлiметтер алуға жәрдемдеседi, қажет болған жағдайда баланы емдеу-профилактикалау немесе бала құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларын жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға орналастырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет