Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді нығайтудың маңыздылығы мен жолдары



Дата11.01.2022
өлшемі12,43 Kb.
#110729
Байланысты:
эссе (2)


ЭССЕ

Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді нығайтудың маңыздылығы мен жолдары.



Менің ойымша , ұлтаралық келісім-Қазақ елінің ең басты халық бірлігі мен достығының негізі. Әрине, әрбір адамның өзінің туған жері , өлкесі , ана тілі , салт-дәстүрі , діни наным-сенімдері болады.Біздің елімізде тұрып жатқан , әрбір этностың біздің елімізде тұруы жайдан-жай немесе еріккеннен жасалған жоқ.Кезінде оларды саясаттың еркіне қарамастан көшірген болатын.Бірақ біз елімізде тұрып жатқан әрбір ұлт-өкілдерімен тығыз қарым-қатынас жасаймыз, себебі бұл біздің парызымыз деп білемін.Ерте кезде біздің ата-бабаларымыз үйге қонақ келсе болды , қонақтарын құдайындай күтіп , ет асып , құрмет көрсетіп шығарып салған болатын. Жалпы осындай бір қонақжайлық біздің қанымызда бар. Республикамызда тұрып жатқан әрбір этнос біздің елімізге келіп кеуделерін көтеріп , барлық ауыртпашылықтары артта қалып , біздің елімізде тату-тәтті, бақытты әрі бір шаңырақтың астында достық пен бірлікте өмір сүріп жатыр.Әрбір ұлт-өкілдері біздің еліміздің азаматы , қазақтар сияқты заң алдында болсын , сот алдында болсын тең құқылы болып келеді.Менің жеке пікірім бойынша, қазақ елінде тұрып жатқан әрбір басқа ұлттың адамы бақытты шығар деп ойлаймын , осындай кең-байтақ елде сүріп, Қазақстан Республикасында өз ана тілінде емін-еркін сөйлеп, діни-наным сенімдерін ұстап , ешқандай ауыртпашылық және қазақтардан қысылушылық көрмейтіндігіне бақытты шығар деп ойлаймын.Басқа ұлттардың ана-тілі туралы айтса кететін болсақ, Қазақстан Республикасында Қазақстан халықтарының ана тілдерін еркін пайдалануы үшін жағдай жасалған. Осы мақсатта бірқатар мамандандырылған мектептер құрылды, онда оқыту Қазақстанның кейбір халықтарының ана тілдерінде жүргізіледі.Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әрбір халыққа деген жолдауында , достық пен бірлікті әрқашан бірінші орынға қойған болатын, 1995 жылы халықтар достығы мен бірлігін сақтау үшін ұлттық саясат саласындағы жаңа бірегей институт – "Қазақстан халықтары Ассамблеясы" пайда болды. Ол құқықтық мемлекеттің, адам құқықтары мен бостандықтарының басты қағидаттарын іс жүзінде іске асыруды бейнелейтін қазақстандық демократияның негізгі институттарының біріне айналды.

Ойымызды қорытындылай келе , Қазақстан Республикасының ең басты қағидасы басқа ұлттар арасындағы достастық және бір шаңырақтың астында тұрған соң бір отбасыдай тату-тәтті өмір сүруіміз маңызды деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет