Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар бағдарламаларының күшті және әлсіз жақтарын талдау



бет3/7
Дата22.04.2022
өлшемі400,4 Kb.
#140537
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
саяси партия

Қазақстандағы саяси партиялар

  • XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары сан жағынан көп болған жоқ. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде қазақ қоғамында жоғары оқу орнын аяқтағандығы туралы дипломды иемденген мамандардың саны жүз отыздан, ал арнайы орта оқу орындарын бітіргендердің саны жеті жүзден асып жығылатын еді. Қазақстанда бірлі-жарым орта білімді мұғалімдер даярланатын курстар мен училищелерді есепке алмағанда, арнайы оқу орындары болған емес. Түрлі мекемелерде, өкімшілік орындарында қызмет жасаған қазақ мамандары, негізінен, ресейлік оқу орындарында білім алды. Сонымен бірге отаршыл әкімшілік ресейлік оқу орындарынан бірлі-жарым орынды қазақ жастарына бөлуге мәжбүр болды. Мұндай қадамға бара отырып, ол жыл сайын өсе түскен басқару жүйесінің жергілікті ұлттан шыққан мамандарға мұқтаждығын канағаттандыруды көздеді. Осы мақсатта генерал-губернаторлык кеңселері жанынан қазақ студенттеріне жылына 3-4 стипендия белгіленіп отырды. Міне, осы белгіленген стипендияға және қазақ ауқатты топтарының өз еркімен жәрдемге жиған қаржысына сүйеніп қазақ жастары Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Орынбор, Омбы, Варшава сияқты қалалардағы оқу орындарында түрлі мамандыктар бойынша білім алды. Мәселен, тек Қазан университеті мен мал дәрігерлік институтын 1917 жылға шейін 35 (20 және 15) қазақ жастары аяктап шыққан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет