Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы


-1-бап. Объектіні пайдалануға қабылдау актілерін жүргізу және есепке алу тәртібі



бет79/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)

75-1-бап. Объектіні пайдалануға қабылдау актілерін жүргізу және есепке алу тәртібі

      1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өтініш берушіден объектінің техникалық сипаттамалары жөніндегі қосымшамен бірге объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін, сәйкестік туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды алған кезден бастап бір күн ішінде бір мезгілде:

      1) объект орналасқан жердегі сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне – объектінің техникалық сипаттамалары жөніндегі қосымшамен бірге объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін;

      2) объект орналасқан жердегі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына объектінің техникалық сипаттамалары жөніндегі қосымшамен бірге объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін, сәйкестік туралы декларацияны және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды жібереді.

      2. Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалған рәсімдерді сақтауын салыстырып тексереді және пайдалануға қабылдау актісін есепке алуды жүргізеді.

      Салыстырып тексеру қорытындысы бойынша құрылыс объектісінің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бұл жөнінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына және тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.

      Сәйкессіздік болмаған жағдайда, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.

      3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарды сақтауы тұрғысынан салыстырып тексереді.

      Бұзушылықтар анықталған кезде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бұл жөнінде тіркеуші органға жазбаша хабарлайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық шараларын қолданады.

      Бұзушылықтар болмаған жағдайда, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бұл жөнінде тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.

      4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген мерзімдерде ақпаратты беру үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәулет және қала құрылысы мен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына жүктеледі.

      Ескерту. 11-тарау 75-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет