Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы


-1-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары



бет24/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)

4-1-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары

      Ескерту. 4-1-тараумен толықтырылды – ҚР 2006.12.29. N 209 Заңымен.

27-1-бап. Техникалық реттеу және стандарттау объектілері

      Ескерту. 27-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ғимараттар, құрылысжайлар, оларды жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, кеңейту, күрделi жөндеу және пайдалану процестерi, сондай-ақ құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектiлерi болып табылады.

      Арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы, сондай-ақ республикалық индустрияландыру картасына енгізілген өнеркәсіптік кәсіпорындардың объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау, оларға техникалық қайта жарақтандыруды, кеңейтуді, күрделі жөндеуді жүргізу және оларды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес халықаралық құрылыс нормалары мен қағидаларын, сондай-ақ халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттарын тікелей қолдануға жол беріледі. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы, сондай-ақ республикалық индустрияландыру картасына енгізілген объектілерді салу кезінде Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес халықаралық құрылыс нормалары мен қағидаларының, сондай-ақ халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттер стандарттарының талаптарына сәйкес келетін құрылыс материалдары мен конструкцияларын қолдануға жол беріледі.

      Ескерту. 27-1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2013 № 151-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 362-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет