«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


тақырып. Сот-технологиялық сараптамасы



бет97/105
Дата29.11.2022
өлшемі1,08 Mb.
#160350
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   105
Байланысты:
treatise8925

20 тақырып. Сот-технологиялық сараптамасы
Сот-технологиялық сараптамасының объектілері күрделі, көп жоспарлы, көп функционалды және көп құрамды; «технология» түсінігінің анықтамасына сәйкес, осы сараптама түрінің объектісі ретінде соңғы өнімді, сонымен қатар, шикізатты, материалды, жартылай дайындалған өнімді өндіру процесінде жүзеге асырылатын шикізатты, материалды, жартылай дайындалған өнімді өндіру, өңдеу, жасау, сақтау, ерекшеліктерінің, түрлерінің өзгеру әдістерінің жиынтығы деп санау керек.
Объектілердің сот-технологиялық сараптамасының пәні өндіру, өңдеу, жасау, сақтау, пайдалану туралы технологиялардың және физикалық, химиялық, техникалық ғылымдардың мәліметтерін пайдалана отырып, шикізат, материалдар, жартылай дайындалған өнімдер, дайын өнім болып табылатын – айғақты заттарды сараптамалық зерттеу арқылы анықталатын азаматтық немесе қылмыстық істің немесе әкімшілік өндірістің нақты мәліметтері, жағдайлары құрайды.
Қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін тауарлар табылған кезде, тұтынушыларды алдау, экологиялық талаптар бұзылған, салықтарды, кедендік төлемдерді төлемеу және т.б. кездерде қозғалған істер бойынша сот-технологиялық сараптамасын тағайындау қажеттілігі туындайды. Технологиялық сараптамасы бухгалтерлік, қаржылық сараптамалардың, аудиторлық тексерулердің немесе ревизия жүргізудің алдында болуы мүмкін. Бірақ, солармен бірге де тағайындалуы мүмкін. Технологиялық сараптамасының нәтижелері ревизия, бухгалтерлік, қаржылық сараптамаларды жүргізу үшін бастапқы деректер болуы мүмкін. Өз кезегінде, тауарлық сараптамасының нәтижелері технологиялық сараптаманы жүргізу үшін арналған бастапқы деректер ретінде болуы мүмкін.
Технологиялық зерттеудің міндеттері екі топқа бөлінеді: идентификациялық емес (диагностикалық және ситуациялық) және идентификациялық болып бөлінеді.
Диагностикалық міндеттер табиғатын анықтаумен байланысты, яғни технологиясына байланысты процедурасын танып білу немесе өнімді, жартылай дайындалған өнімді, шикізатты нақты шығу тегінің типіне жатқызу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет