«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет17/105
Дата29.11.2022
өлшемі1,08 Mb.
#160350
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   105
Байланысты:
treatise8925

Тірі адамдарды сот сараптамалық зерттеу ерікті және еріксіз тәртіппен жүзеге асады. Егер, сот сараптамасы ерікті тәртіппен жүзеге асырылса, сот сараптама органына зерттелуге жататын тірі адамның жазбаша түрдегі келісімі қажет.
Егер сараптамалық зерттеуге жататын адам 18 жасқа толмаса не сотпен әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылса, аталған тұлғалар үшін келісімді олардың заңды өкілдері немесе қамқоршы органдар береді.
Тірі адамдарды сот сараптамалық зерттеу еріксіз тәртіппен жүзеге асырылуы заңда тікелей көрсетілген.
Сот сараптамасын алдын-ала тергеуде тағайындауға құқылы субъектілерге анықтаушы, тергеуші, прокурор (егер қылмыстық істі қозғау не қозғамау мәселесі прокурормен көзделсе).
Заңмен егер сот сараптамасын жалпы ережелерге қатысты жүргізу мүмкін болмаса, сот сараптамасын бір рет қана тағайындаудың жағдайлары қөзделген. Заңға сәйәкес, сот сараптамасын бір рет қана тағайындаудың келесі жағдайлары көрсетілген:

  • сараптамалық түрлердің тізімінде көрсетілмеген сараптаманы тағайындау;

  • сарапшы ретінде шетел мемлекетінің тұлғасы тартылса, шетел мемлекетінің сарапшысының Қазақстанда сот сараптаманы жүргізудің тәртіптері ҚР Азаматтық іс жүргізу Кодексі, ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексі, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексімен және «ҚР Сот сараптамалық қызмет» туралы Заңымен реттеледі.

Сонымен, бір реттік сараптаманы жүргізу тек ерекше жағдайларға қатысты орын алады.
Сот сараптамасын заңды негізге қатысты тағайындалуы қаулы болғандықтан, заңда оны құрастырудың талаптары көрсетілген. Мәселен, аталған құжаттың құрылымы қылмыстық іс жүргізу заңымен көзделген және ол кіріспе, сипаттау және қорытынды бөлімінен тұрады. Кіріспе бөлімі өзінің құрамына келесі мәліметтерді кіргізеді:

  • қаулыны құрастыру орны мен мерзімі туралы;

  • сараптаманы тағайындаған субъекті туралы;

  • қаулы шығарылған іс туралы мәліметтер.

Сипаттау бөлімі келесі мәліметтерден тұрады:

  • істің фабуласы туралы;

  • сараптаманы тағайындау негіздері туралы;

  • сараптамалық зерттеуге жіберілетін объектілер туралы;

  • объектілерді алған орын, уақыты және мән-жайлар туралы;

  • сараптамаға жіберілетін өзге де материалдар туралы;

  • сарапшының қорытындысына ықпал ететін іс материалдары туралы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет