«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет40/105
Дата29.11.2022
өлшемі1,08 Mb.
#160350
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   105
Байланысты:
treatise8925

Классификациялық міндеттер мәтіні бойынша авторды белгілі бір топқа жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы бойынша жатқызу, сол сияқты мәтіннің лингвистикалық, стилистикалық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған.
Аталған міндеттерді шешу үшін келесі сұрақтар қойылады:

  • зерттеліп отырған құжатты орындаған адамның жынысы;

  • құжатты орындаған адамның жасы, білім деңгейі және жазу-сөйлеу дағдылары;

  • құжат авторының әлеуметтік жағдайы мен кәсібі;

  • зерттеліп отырған құжатты орындаған тұлғаның жазу-сөйлеу стилінің (ресми, публицистикалық т.с.с.) ғылыми дағдылары қандай?

  • қазіргі қазақ, орыс тілдерінің лексикалық типі тіл тигізу лексикалық типке жатады ма?

  • сөйлемде, сөз тіркесінде немесе сөздерде бір немесе бірнеше типтік тіл тигізу лексикалары бар ма?

Диагностикалық және ситуациялық міндеттер мәтінді жасаған кезде оны жасауға әсер еткен жағдайларды анықтауға бағытталған. Мұндай жағдайларға: мас күйінде және есіртке заттарды қолдана отырып жазу, өз сөзін әдейі өзгерту, басқа адамның дауысына ұқсас етіп сөйлеу, жеке сөйлемдердің мазмұнын анықтау т.с.с.
Диагностикалық сұрақтарды шешу кезінде келесі сұрақтар қойылады:

  • қандай мағынада сөз сөйлемде немесе басылымда қолданылған?

  • публикация мәтінінің елеулі жанрлық, психолингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктері;

  • мақала мәтінінің композициялық құрылымы қандай, автор қандай әдеби әдістерді қолданады және олар публикацияның кейіпкерлерін қалай меңзейді?

  • зерттеліп отырған мәтін белгілі бір тұлғаның сөйлеу дағдысына ұқсас құрастырылған жоқ па?

  • зерттеліп отырған құжат әдеттегідей емес күйде орындалған жоқ па (мас күйінде)?

Сот авторлық (лингвистикалық) сараптаманың алдына басқа да диагностикалық сұрақтар қойылады, олар адамның ар-намысына, ар-ожданына, беделіне, нұқсан келтірумен және БАҚ мәтіндерінде тіл тигізу сөздерінің бар-жоғына т.с.с. байланысты.
Мәселен, сот-сараптамалық тәжірбие сот авторлық (лингвистикалық) сараптаманың алдына келесідей типтік сұрақтар қоюға болады:

  • аталған мақалада (радиобағдарлама, телебағдарлама) нақты тұлға (тұлғалар) туралы (оның қызметі, моральдық, адамгершілік қасиеттері) теріс мәліметтер бар ма, нақты қандай сөзде теріс мәліметтер бар және олар қандай нысанда беріледі?

  • бөлініп көрсетілген сөздердің лингвостилистикалық талдауы нақты, мысалға А. деген азамат, моральдық нормаларды, заңдылықтарды және қағидаларын бұзғанын дәлелдей ма?

  • аталған сөйлемде заңды және жеке тұлғаның іскерлік беделін, ар-намысына нұқсан келтіретін мәліметтер бар ма?

  • аталған абзацтағы мәліметтер не мақала авторының көзқарасы фактілерді мақұлдайды ма (радиобағдарлама, телебағдарлама) ?

  • мәтіндегі айтуларда азамат А. жеке тұлғасын бұрыс бағалайтын, оның қоршаған адамдардың алдында беделін, өз өзіне сыйлы болу қасиеттеріне нұқсан келтіретін т.с.с. сөздер бар ма?

  • мәтінде А. есімді азаматтың жеке басына қатысты жалпылама сипаттағы және оның абыройы мен қадір-қасиетін қорлайтын әдепсіз түріндегі теріс бағалау сөздері бар ма?

  • «...» газетінің ... жылғы № ... санындағы «...» мақаланың мәтінінде («...» телеарнасымен көрсетілген сюжеттерде) А. есімді азаматтың жеке адамгершілік қасиеттерін қорлауға бағытталған ерсі түрде айтылған сөздер бар ма?

  • «...» газетінің ... жылғы № ... санындағы «...» мақаланың мәтінінде («...» телеарнасымен көрсетілген сюжеттерде) басқа әлеуметтік категориялармен салыстыру бойынша қандай-да бір ұлттық, конфессиялық немесе әлеуметтік топтың атына теріс бағалауы бар сөздер бар ма?

  • қандай-да бір ұлттың, конфессияның, этникалық топтың өкілдеріне қатысты геноцидті, депортацияны, репрессияны оң бағалау, мақтау сөздері бар ма?

  • қандай-да бір этникалық, конфессиялық немесе әлеуметтік топтың конституциялық құқықтары мен азаматтардың бас бостандығын шектеуге шақыру талаптары бар сөздер бар ма?

  • басқа бір топтың есебінен қандай-да бір әлеуметтік топтың пайдасына бағытталған әрекеттерге шақыруға арналған және директивті түріндегі сөздер бар ма және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет