«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Материалдарды дайындау мен рәсімдеу



бет86/105
Дата29.11.2022
өлшемі1,08 Mb.
#160350
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   105
Байланысты:
treatise8925

Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
Жоғарыда аталған сұрақтарды дұрыс шешу үшін тергеуші сараптамаға алғашқы құжаттарды ұсынуы керек, оларға: есеп регистрлері (журналдар, ордер, бас кітапшасы), баланстар, есептер жатады.
Аталған құжаттардан басқа, сарапшыға электронды тасушы құралдарын да ұсыну қажет (деректері бар дисктер). Олар ҚР ҚІЖК баптарында қарастырылған талаптарға сәйкес алынуы керек. Қажетті құжаттардың қатарына жедел есеп материалдары, статистикалық есеп құжаттары, мүліктерді түгендеу актілері, материалды жауапкершілікке қатысты шарттар, еңбек шарттары жатады.
Ревизияның актілері, материалды-жауапты тұлғалардың түсініктемелері, жауап алудың хаттамалары, аудиторлық қорытындылардың сарапшыға ұсынылатын құжаттардың ішіндегі орны ерекше.
Сараптамаға ұсынылатын құжаттардың тізімі нақты жағдайға қатысты.
Материалдардың толық болуы үшін тергеу әрекеттеріне мамандарды қатыстырған жөн. Олар сараптама үшін қандай құжаттарды жіберу және ол құжаттардың бір-бірімен байланыстылығын, сарапшыға қандай сұрақтарды қою қажеттілігіне қатысты кеңестер береді.
Сараптама үшін құжаттарды жинау ең жауапты сатылардың бірі. Егер сарапшы қажетті материалдарды толық сарапшыға ұсынбаса, сараптамалық өндіріс тоқтатылады. Мәселен, ҚР Әділет Министірлігі жанындағы Сот сараптама орталығының тәжірибесі көрсеткендей, тіпті 100 % жағдайында аталған сараптаманың тағайындалуы қосымша материалдарды қажет етеді.


17.2. Қаржы-экономикалық сараптама
Зерттеудің объектісі субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметтері болып табылады.
Аталған сараптаманың пәні кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың экономикалық және қаржылық жай-күйіне қатысты мән-жайлар болып табылады. Яғни бұл сараптаманың пәні бухгалтерлік сараптаманың пәніне қарағанда кеңдеу. Аталған сараптама жалған банкроттық, әдейі банкротқа ұшырау, салықтарды төлемеу, несиені қайтармау т.с.с. фактілер бойынша тағайындалады. Сол сияқты, қаржы-экономикалық сараптама азаматтық, әкімшілік сот өндірістерінде де тағайындалады.
Аталған сараптама міндеттеріне қатысты екі топқа бөлінеді:

  1. Қаржы-несиелік зерттеулер.

  2. Қаржы-бюджеттік зерттеулер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет