|
Бланкілер мен өзге де полиграфиялық өнімдердің сараптамасы
|
бет | 36/105 | Дата | 29.11.2022 | өлшемі | 1,08 Mb. | | #160350 |
| Байланысты: treatise8925Бланкілер мен өзге де полиграфиялық өнімдердің сараптамасы:
аталған құжаттың мәтіні, бланкісі қандай әдіспен дайындалған?
аталған құжаттың бланкісін дайындаған кезде қандай полигрфиялық техника қолданылған (немесе айыпталушыдан алынған әдебиеттер)?
бланкіні дайындау кезінде қандай баспа нысаны қолданылды (қолымен немесе линотиптік жиынтық, стереотип т.с.с.)?
аталған баспа өнімдері талаптарды сақтай отырып жасалған ба?
ұсынылған құжат, әдебиет бір жиынтықтан басылды ма (нысан, қалып, стереотип)?
ұсынылған құжат қандай аппараттың типімен (моделі, модификациясы) басылған?
зерттеуге ұсынылған құжаттар, әдебиеттер бір әдіспен жасалған жоқ па?
зерттеуге ұсынылған кітап қалай түптеп тігілген ?
әдебиет қандай әдіспен түптеп тігілген ?
қағаздар қандай әдіспен кесілген? т.с.с
Компостерлік белгілер, кассалық чектер және өзге де құралдардың сараптамасы:
кассалық чектерде, телеграммаларда, компостирдің көшірмелерінде қандай да бір өзгерістер бар ма?
егер болса, олар қандай әдіспен жасалған және олардың алғашқы белгілері қандай?
ұсынылған чектерді (телеграммалар) басқан бақылау-кассалық машинкалардың типі мен моделі қандай?
аталған бақылау-кассалық мәшинкасымен ұсынылған чектер жасалды ма?
аталған компостермен ұсынылған көшірмелер алынды ма?
бір бақылау-кассалық мәшинкасымен зерттеуге ұсынылған чектер (телеграфтық аппарат) басылды ма?
бір компостермен көшірмелер алынды ма?
зерттеуге ұсынылған кассалық чектер (телеграммалар) қашан басылды?
Қиып өтетін штрихтарды қойылу ретінің хронологиясын анықтау:
құжаттың жасалу мерзімі оның күнтізбелік күніне сәйкес келе ма?
құжат нақты жылы жасалған ба?
нақты жазу мәшикасымен аталған құжат қашан жасалған?
бірнеше құжат бір уақытта жасалды ма?
қолтаңба ма немесе мәтін, немесе оның мөр таңбасы алғаш орындалды ма?
құжаттың мәтіні, қолтаңба, мөрдің баспа-таңбасы қандай хронологиялық тәртіппен жасалған (қайсысы алғаш қайсысы кейін орындалған) ?
құжаттың мәтіндері бір уақытта жасалған ба?
зерттеліп отырған құжатта нақты жазулар қайта қосылып басылған жоқ па?
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|