Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы


)ҚР Президентінің 02.09.2019 ж. «Сындарлы қоғамдық диалог Қазақстанның тұрақтылығы мен мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауы



бет59/66
Дата23.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#169890
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66
Байланысты:
Қуатов Дархан ИСТ-11
9 сынып БЖБ ІІ нұсқа
68)ҚР Президентінің 02.09.2019 ж. «Сындарлы қоғамдық диалог Қазақстанның тұрақтылығы мен мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауы
2019 жылы 2 қыркүйекте таңғы сағат 11 – де ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Бұл Мемлекет басшысы лауазымына сайланған сәттен бастап алғаш рет болды.
Жолдау барысында мұғалімдердің материалдық жағдайын жақсарту мәселесі айтылды,атап айтқанда отандық педагогтардың жалақысы төрт жыл ішінде екі есеге артады. Президент Тоқаев Қ.Қ. бала құқығын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру мәселесі Қазақстанда басымдық болуы тиіс, жасөспірімдер арасындағы жоғары суицидтік проблемамен мақсатты түрде айналысу қажет екенін атап өтті. Президент Жолдауда барлық қазақстандықтарды толғандырған ең басты сұраққа жауап берді — жер шетелдіктерге сатылмайды.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жариялады. Жолдауда ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері айтылды. Президент баршамыздың ортақ шаңырағымыз – Қазақстанды өркендетуге шақыратынын айтты. Сондай-ақ, ең алдымен ел-халықты толғандыратын мәселелердің шешімін табуға, әлеуметтік ахуалды жақсартуға байланысты жоспар әзірлеу қажеттігіне назар аударды.
Қазақстан Президенті сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі екендігін баса айтты. Ұлы Абайдың алтыншы қара сөзінде айтқан "Бірлік – ақылға бірлік" деген сөзін келтірген Қасым Жомарт Тоқаев: "Елбасымыздың "Ел бірлігі – ең асыл қасиет" деген қанатты сөзі – біздің айнымас қағидамыз. Береке мен бірлік, ақыл мен парасат халқымызды үнемі алға бастап келеді. Бағытымыз – айқын, жолымыз – ашық. Бәріміз бірге болсақ, еліміз бұдан да зор табысқа жетеді деп сенемін" – деді.
Ең бастысы халық оң өзгерістерді сезінуі тиіс деген Президент, көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға алдыңғы кезекте баспана беру қажеттігі жөнінде Үкіметке тапсырма берді. Жыл сайын мыңдаған отбасыны баспанамен қамтып, жағдайын жасау ел тізгінін ұстаған азаматтардың парызы болуы тиіс. Өте құптарлық жағдай. Себебі алдымен ана мен бала бақытты болған жағдайда еліміз көркейіп, гүлденеді. Сондықтан барынша қамқорлық танытқан ел Президентінің бастамасына қолдау білдіріп, Жолдауда айтылған әрбір сөздің нақты іске айналатынына сенеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет