Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы



бет7/66
Дата23.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#169890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   66
Байланысты:
Қуатов Дархан ИСТ-11

«Ұлы Жібек жолының» мәдениеттердің дамуына қосқан үлесі.
Жоғарыда айтылғандай «Ұлы жібек жолы», тек сауда ғана емес сонымен қатар дипломатиялық қарым-қатынастар, шаруашылықтағы және мәдениеттегі озық жетістіктерді алмасу жолы да болды. Ғалымдардың айтуынша Үндістанда шыққан будда діні, Қытай мен Орталық және Қиыр Шығысқа Орта Азия арқылы Жібек жолымен тараған. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Суяб қаласынан буддалық ғибадатханалар табылса, Қойлық қаласынан христиандық (неосториандық бағыттағы) шіркеу табылды, ал Тараз қаласының көне жұртынан неостариандық, манихейлік, буддалық, мұсылмандық ғибадатханалар табылған. Табылған ғибадатханалардың барлығы бір уақытта қатар өмір сүргендігі байқалады. Осыған байланысты, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аймағы Жібек жолының арқасында түрлі діни наным-сенімдер мен мәдениеттердің түйісіп тараған ортасы болды деп айтуға болады. Сондықтан қалаларда түрлі архитектуралық-құрылыс үлгісіндегі ғимараттар бой көтерді. Археологиялық ескерткіштердің барлығы қала халықтарының әртүрлі дінде болса да, ортақ мәдениеттерінің болғанын көрсетеді. Музыка және би өнері де қалыс қалмады, буддалық тәуіп Сюань-Цзян 629 жылы Суяб қаласында болғанда жергілікті музыканттар түрлі халықтардың музыкалық аспабында ойнап өнер көрсеткендері туралы жазған. Орта ғасырда көбіне сауда керуендерімен жүріп өнер көрсететін әнші, биші, күйші, акробаттар мен сиқыршы-фокусшылар өте көп болған. Оларға өнер көрсету үшін тіл білу аса қажет болмады, өйткені олар өнерін музыка, би және дене қимылдарымен көрсететін. Қытай билігінде Тан әулеті тұрған кезде Орта Азияның музыкасы елде кең тарағаны көптеген деректерде айтылады. Қазақстан аумағындағы орта ғасырлардағы барлық ірі қалалардан археологиялық қазба жұмыстары кезінде, түрлі халықтардың көптеген музыкалық аспаптары табылған. Қазақстан аумағын мекендеген халықтар «Ұлы Жібек жолы» арқылы түрлі этностар арасындағы достық қарым-қатынас пен мәдени байланыстардың қалыптасуының бастауында болып, кейіннен сол байланыстардың дамуына зор үлес қосқандығын, бүгінде мақтанышпен айтуға болады.


6. Тәуелсіздік жылдарындағы көне түркі жазбалары мен түркі мәдениеті ескерткіштерін жан-жақты зерделеу. Әбу Насыр Әл-Фарабидің, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Яссауидің еңбектері.
Ұрпақган-ұрпакқа мұра болған руникалық жазба ескерткіштер (VIII іт.) қазақ және өзге түркі халықтарыньщ көне дәуірде мәдени деңгейінің өте жоғары болғандығын дәлелдейтін баға жетпес асыл қазына. Бүкіл әлемге танылған түркі руникалық жазбалары атақгы Егапет перғауындарының қорғандарынан табылған шумер жазуларымен дәуірлес болып келеді. Ұлттық ғылым тәуелсіздік алған 10 жыл ішінде түркітану бағытында біршама жетістіктерге жетті. Қазақ және өзге де түркі халықтарының этносы мен мемлекетігін, тілі мен графикалық жүйесін (жазбаларын), тарихи-мәдени және этносаяси жағдайын ғылыми түрде жан-жақты әрі жүйелі зерттеу түркі тілдес халықгар үшін, оның келешек ұрпағы үшін құнды қазына болып табылады.
Қазақстан мен Орталық Азия және Онтүстік Сібір жерлерін мекендеген түркі тілдес ру-тайпалар бірігіп, VI ғасырдың, орта шенінде "Түрік кағанаты" деген атпен өз алдына мемлекет қүрғаны тарихтан белгілі. Осы кағанаттың құрамына енген тайпалык, одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін алапат қақтығыстар мен жойқын соғыстарды басынан кешті. Тұс-тұстан қаумалаған дұшпандардың шапқыншылығынан қорғанған түркі ру-тайпаларының жорықтары қол бастаған ержүрек, дана іскер басшылардың ерлік істерімен, оған тіреу болар ел бірлігімен жүзеге асты. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын кағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагөй білімдарлары өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді.
Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткішттер көне дәуірдің қоғамдық-мәдени, әрі әдеби тұрмыс-салт өмірлерінен хабар беретін жәдігер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықгарға ортақ мұраға айналды. Түркінің сар даласының ішкі сырын бойына сіңірген таңбалы тастар қас батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығы мен қайгы-қасіретін, амал-әрекетін бейнелеп, еш өзгерместен күні бүгінге жетіп отыр.
Болашақ ұрпақка мұра етіп калдырылған көне түркілік жазба ескерткіштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып, ескерткіштер саны жыл санап өсіп жатыр. Бірак, осы көне көз жәдігерлерге үлкен сезіммен қарап, оның ішкі мазмүны мен сырын ұғыну, қазақ халқы үшін құндылығының қаншалықты екендігін анықтау соңғы жылдары баяулап кеткені белгілі. Осы бағытта М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жанынан түркі халықтарының ортак, казақ халқының төл мұрасы саналатын руникалық көне түркі жазбаларын зерттейтін, оларды іздестіріп өз ұрпағымен табыс ететін орталық кұру көзделіп отыр. Себебі, университет орналасқан Тараз каласы ежелгі мәдениетті келешек ұрпақпен сабақтастыратын көне қазынаның алтын діңгегі болып табылады. Оның үстіне түркі тайпалық одақтарының жиі қоныстанған, мәңгілік мекен еткен жері және ежелден калған мәдени ошақтардың негізгі тұғыры екендігі тарихтан белгілі. Түркітану ғылымы көне түркі жазба ескерткіштерін географиялық, мазмұндық әрі дәуірлік мәніне қарап, Орхон, Енисей және Талас деп үлкен үш топқа бөледі. Соның ішіндегі Талас жазбалары Қазакстанның оңтүстік аймақтарынан табылған ескерткіштер қатарын құрайды және де аталған жазба ескерткіштердің тікелей жалғасы болып табылатын орта ғасырлык мұралар мен тарихи орындар осы таулы-қыратты, өзеңді аймақтарда орналаскан. Сондықтан да казақ және өзге түркі тілдес елдердің тарихын, көне мәдениетін, өркениеті мен мемлекеттігін, тілі мен діліне қатысты құнды деректерді осы өңірлерден іздестірудің кажетгі екендігін байқауға болады.
Біртұтас мемлекет тарихын бейнелейтін түркілік руникалық жазуларды тілдік, әдеби, тарихи және саяси-этникалық жақтан жан-жақты зерттеу үшін көне мұралардың географиялық жағдайын жетік меңгеруіміз керек. Сонымен қатар, қазақ халқының көне мәдени ошақтары мен тарихи орындарын анықгау, оның мәні мен мағынасын, құпиялы ішкі сырын білу тек жекелеген зерттеуші ғалымдардың ғана емес, ол мемлекеттің алдында болашақ ұрпағы үшін міндетті түрде шешімін табатын проблема болуы керек.
Қазақстанның орталық және оңтүстік өңірлерінен табылған тарихи жазба мұралар казіргі уақытта облыстық мұражайлар мен арнайы тарихи ескерткіштерді сақтау, қорғау орындарында мүлдем жоқтың қасы. Ал соңғы жылдары Талас өзені аңғарлары мен сол аймақтағы таулы-қыратты жерлерге экспедициялар ұйымдастыру мәселесі мүлдем назардан тыс қалып қойған. Қазіргі Тараз қаласы мен оның оңтүстігіне, Алатау мен Каратау бөктерлеріне, Орталық Қазақстандағы Ұлытау мен Болаттау аймақтарына арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізетін шағын экспедициялық топ құрып, көне жазбаларды іздестірсе, ұрпақ білсін деген ниетпен ата-бабаларымыз қалдырып кеткен жазу-сызулардың каншасы табылар еді. Бұған айқын мысал ретінде XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап XX ғасырдың 70-ші жылдарына дейінгі аралықта іздестіру нәтижесінде табылған жазбаларды айтуға болады.
Сан жылдар бойы іздестірудің барысында Орталық Азия территориясынан ағаш тақтайшаға ойылып жазылған көне жазу табылды. Бұл жазу жүйесі өзінің құрылымы және тақтайға ойылғанымен басқа тас жазулардан ерекшеленеді. Іле-шала Ертіс өзені бойынан қола айнадағы жазу, ал 70-ші жылдары Іле өзені бойынан (Есік қорғанынан) күміс тостағаңдағы жазу табылды. Мұңдай тарихи мәні зор жазулардың бүгінде Қазақстанның ..кез-келген өңірінде өз сырын ішіне бүгіп, жасырып жатқаны бізге беймәлім.
Орталық Азия мен Қазақстан жерлерінен табылып жатқан руникалық түркі жазбалары Орхон таңбаларынан өзіңдік ерекшелігімен дараланады. Мұнда Орхон немесе Енисей өзендері аңғарларынан табылған жазулардағы барлық таңбалардан бөлек, өзгеше жасалған көне әріптер кездеседі. Мұның өзі түркі жазуы жүйесінің ертеден қалыптасқан, жүйелі әліппе, жазу мәдениетіміздің тамыры өте тереңде екендігін аңғартады. Дәл осындай көненің көзі болып табылатын асыл казыналар Қазақстанның жерінде де қаншама десеңізші. Өйткені, шығысымызда Алтай мен Тарбағатай, батысымызда Орал таулы қыраттары, солтүстігіміз бен орталығымызда Ұлытау, Болаттау аймақтары, оңтүстігімізде Алатау мен Қаратау қатпарларыда және басқа да өзенді-көлді кең алқапты мекен еткен ата-бабаларымыз сол өңірлерге де өздерінің қол-таңбасын қалдырьш кетпеді дегенге кім сенер. Айта кететің жәйт Қожа Ахмет Яссауи, Әбу Насыр Әл-Фараби секілді Ұлы тұлғалардың еңбектері де көне түркі тілдерінде жазылған. Тоқталып өтсек:
Әбу Насыр Әл-Фараби - тұңғыш ғылым әлемінде "Екінші ұстаз" атанған адам. Қазақтың тұңғыш психологиялық шығармалар жазған бабасы. Музыка саласында "Музыканың ұлы кітабы" атты тұңғыш ғылыми еңбек жазған ғалым. Шығыстың ұлы ойшылы, әмбебап-ғалым, Фараби трактаттарының саны екі жүзге жуық деп есептеледі. Осы еңбектер дүние жүзінің көптеген тіліне арап, парсы, еврей, латын, ағылшын, неміс, француз, испан, орыс, қазақ, өзбек, т.б. аударылған, бізге ойшылдың 80-нен астам шығармалары жетті. Тәрбие мен білім, педагогика мен психология, этика мен әдістеменің теориялық және практикалық мәселелерін қарастыру Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасының құрамдас, оның дүниетанымының ажырамас бөлігі болып табылады.
Әл-Фараби психология жөніндегі көптеген еңбектің ("Ақыл-ой туралы", "Жан туралы", "Темперамент туралы", "Түс көру туралы сөз", "Жанның мэні туралы", "Ақыл-ой» және ұғым", "Жас өспірімнің ақыл-ойы туралы кітап", "Ересектердің ақыл-ойы туралы кітап", тағы басқалар) авторы ретінде де танылады. Ол арап тілді халықтар арасында жан туралы ілімдердің сындарлы жүйесін тұңғыш баяндап, психологиялық терминдер жасады. Өкінішке қарай, оның еңбектерінің көбі бізге жеткен жоқ. Әл – Фарабидің «әлеуметтану қағидасы" деген жазбаларында: "Хәкім барлық айла — амалды пайдаланып, сопа басының һэм тек өз балаларының атын мәңгі қалдыруға, өз ұрпағына немесе өз ұруының адамдарына билікті қалдыруға тырысады", -деп айтқан еді.
Ғылым мен діннің, прогресс пен реакцияның сол 900 жылдық күресінен әл-Фараби бірінші орын алады. Ол-бүкіл шығысқа мәлім ұлы ғалым. Шығыс Рснсссансының атасы еді. Біздің ұлы жерлесіміз, Отырардың түлегі, бүкіл Шығыс философиясы мен ғылымының ұстазы. Фараби өз шығармаларында араб, парсы, грек, үнді, түрік мәдениетінің жетістіктерін талдап, жақындастыра білді. Мұны «Үлкен музыка» атты еңбегінен байқауға болады. Жалпы айтқанда, ол өз заманының ғылымын жүйелеуге ұмтылған ұлы ғалым.
Жүсіп Баласағұнның өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. философиа, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген.
Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, "Құтты білік" дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты. Венгер ғалымы Герман Вамбери (1832 - 1913) "Құтты біліктің" бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылымының мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В.В. Радлов (1837 - 1918) жиырма жыл бойы (1890-1910) айналысқан. Түркия ғалымдары 1942-43 жылдары "Құтты біліктің" үш нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды. "Құтты білік" дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Карахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Оны Қаримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (1984) тәржімалаған. "Құтты білік" дастаны белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күн туды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге күт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.
Ойшыл ғалымның еңбегі сол кезеңдегі ресми әдеби тіл — араб тілінде емес, түркі халқының тілінде жазылған алғашқы энциклопедиялық еңбек болып табылады. Түркі тіліндегі мұсылман әдебиетін қалыптастыруда Қашқар өңірінің де маңызы болғаны анық. Сол кездегі әлі көшпенділіктен айырыла қоймаған ортаазиялық қарахан әулетіне дамыған отырықшы аймақтардағыдай (Мауреннахр, Шығыс Түркістан) билеу саясатын жүргізуге ұмтылу тән болды. Сондықтан да бұл еңбек көшпелі қарахандықтарға түсінікті болу үшін түркі тілінде жазылды деп атап көрсетті А. А. Валитова. Кейінгі зерттеулерде Жүсіп Баласағұнның тілінде исламға бейім қарлұқтар диалектісі басым екендігі туралы да деректер бар.
Махмұт Қашқари туған жері, ежелгі үйсіндер құрған, әртүрлі аталған мемлекетінің, қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен. Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.
Ғалымның туған, қайтқан жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдат қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.
Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - ең ұлы шығармасы. Онда көшпелілердің ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған.
Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады.
Қожа Ахмет Яссауи — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, пәлсапашы. 1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. IX ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Ясы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағы да басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, Х ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Ясауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Ясауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жыл қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Ясауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады.
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани хикмет/ Диуани Хикмат» (Хикмат - жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайтара басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұқара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.«Диуани Хикметтен» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.
Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. “Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариғаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Қожа Ахмет Ясауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Сөйтіп, бұрыннан дидактикалық сипаты басым түркі әдебиеті насихаттық ой тұжырымдармен толыға түсті. Ол фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, шығармашылық әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып, Ясауише хикмет жазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Хаджи Бекташ Уали, Жүніс Әміре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерінен Қожа Ахмет Ясауи сарыны байқалды. XII ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Ясауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет