1. Қазіргі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. "Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы". Әлемде көне заманнан бүгінге дейінгі тарихы бар мемлекеттер бар. Солардың қатарында әлемдік өркениет пен тарихтың бір бөлігін құрайтын Қазақ елінің де тарихы бар екендігі анық.
Өкінішке орай, қазақ халқы бірнеше ғасыр отар ел болды. Ұлттық тарихы мен санасы тұмшаланды. Алдымен Патшалық Ресей империясы және одан кейін Кеңес Одағы кезінде әдейлеп тарихы бұрмаланды. Жазылуы керек және айтылуы қажет мәселелер айтылмады. Тіпті, тыйым салды. Халықты санасыздандыру бағытында астыртын жұмыстар атқарылды. Бір ғана мысал ретінде тарихшы Е. Бекмаханов және оның зерттеулерін алып қарасақ та жеткілікті. Кеңестік кезеңде бір қазақ тарихшысы мен оның еңбегінде тұрған не бар еді? Отаршыл билік өкілдері халықтың ұлттық санасының оянуына жол бермеді. Талантты тарихшыны түрмеге жапты, тұқыртты және қудалады. Бұл сол заманда ұлтқа жасалған қиянат еді.
Халқымыз тарихта қаншама қиянат көріп, ұлт азаттық жолында қаншама қаһарман тұлғалар күресті. Халқымыздың бағына қарай тарих сахнасындағы Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздігін жариялап, егеменді ел атанды. Тәуелсіз еліміздің тарихын жаңаша жазу, тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасын дайындау сияқты күрделі мәселелер күн тәртібіне қойылған болатын.
1995 жылы ҚР Президенттің тапсырысымен Президент жанындағы мемелекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңестің «Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы қабылданды. Мұнда тарихтың, әсіресе, қоғам дамуының өтпелі кезеңдерінің ерекше маңызы көрсетілген, тарихи білімнің негізгі басымдықтары, тарих ғылымының проблемалары, тарихи білім беру мен ағарту ісінің келешегі белгіленген болатын.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен үш жыл қатарынан тарихи танымға айрықша назар аударылды. Олар: 1997 жылы – Қоғамдық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу; 1998 жыл – «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы», 1999 жыл – «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» еді. Ұлттық тарихқа стратегиялық тұрғыдағы өзінің көзқарасын Мемлекет басшысы 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» [1] кітабында баян етіп берді.
2003 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Президент Н.Ә.Назарбаев бұрын-соңды болып көрмеген «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдау керектігін жариялады. Бағдарлама жүзеге асырылған 2004-2011 жылдар аралығында – Қазақстанның тарихы мен этнографиясы бойынша арнаулы
зерттеу жүргізілді. Дегенмен, мұның бәрі – тарихи жады мен тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жолындағы ауқымды жұмыстар атқарылды.
Мемлекеттің ұлттық тарихты жаңғырту мен зерделеу мақсатында қабылдаған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы ауқымы орасан зор жұмыстар тындырды. «Мәдени мұра» бағдарламасының мақсаты жазба деректерді жинау және жариялау болып табылады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы екі кезеңді, бірінші кезеңі 2004-2006 жылдарды қамтыса, екінші кезеңі 2009-2011 жылдарды қамтыды.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек» – деген тұжырым жасаған. Міне, осыған орай, 2013 жылы Мемелекеттік хатшы М.Тәжиннің баяндамасында айтылғандай, Президенттің тапсырысымен «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасы жүзеге асырылды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты ретінде Қазақстанның тарих ғылымының алдыңғы қатарлы әдіснама мен әдістеме арқауында сапалы секірісті жүзеге асыруына жағдай жасауды; қазақтардың ұлттық тарихының көкжиегін нығайту, ұлттық жаңа дүниетанымын қалыптастыруды; Қазақстанның жаңа тарихының жиырма жылының мәнін пайымдауды айтуға болады. Алқалы жиыннан кейінгі күндері баспасөз беттерінде ғылымдар, оқытушылар жариялаған мақалаларындағы ортақ пікір – тарихты зерттеуде, оқытуда үлкен өзгерістер керектігін атады. М.Тәжин тарих ғылымына неліктен ерекше мән беруіміз керектігіне байланысты пікірін «Тарихқа арқа сүйемесе, болашақ бұлдыр. Планетада мән-мағына мен құндылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі күнде тарихи жадыны сақтап қалу – жалпы, өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жолы» [2] деп дәйектеген болатын.
2018 жылы 21 қарашада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды. Онда Тарихи сананы жаңғырту мәселесі де көтерілді. Елбасы: «Көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-ақ біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты» [3], - деп атап өтті.
2019 жылы ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының ұжымы «Ұлттық тарих көкжиегі» атты еңбекті жарыққа шығарды. Бұл еңбекте Қазақстан дамуының жаңғырған жаңа көріністері, оның халықаралық қауымдастықтағы рөлінің артуы, 1990 жылдардан бүгінге дейінгі Қазақстанның тарих ғылымының даму процестері қарастырылған [4]. Яғни, тәуелсіздік кезеңіндегі тарих ғылымы саласында атқарылған жұмыстар зерделенген.
2021 жылы 5 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты мақаласы жарияланды. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақалада ел президенті егемендіктіктің 30 жылдығына қорытынды жасап, болашаққа бағдарды айқындап берді. Осы аталған мақалада «Таным мен тағылым» мәселесі көтерілген.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-ақ біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты. Бұл – егемендік ұғымы жастардың санасына берік орныққанын көрсететін қалыпты құбылыс. Бірақ Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегеленіп, мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі керек. Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілуге тиіс» [5], - деп өте орынды айтты.
Ұлттық сананы қалыптастырудың ең негізгі жолы – тарихи білім. Ол жүйелі түрде мектептерде, ЖОО-да іске асады. Сондықтан тарих пәнін оқытудың маңыздылығын түсінудің маңызы ерекше. Жоғары оқу орындарының Қазақстан тарихын оқытуда тарихшылар жастардың ұлттық намысын тәрбиелеуге, ата-баба рухы деген қасиетті сөздерді жоғалтпауға тәрбиелейді.
Кезінде Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы: «Тарихын жоғалтқан ел, қайда тұрып, қайда бара жатқанын білмейді. Соңында жоғалуға ыңғайлы тұрады», - деген пікірін айтқан. Сондықтан, ұлттық тарихымызды әлі де зерттеп, зерделей түсуіміз керек.
Қазіргі уақытта «Қазақстан тарихы» оқулықтары мен 7 томдық академиялық басылымды қайта дайындау мәселесі көтерілді. Бұл заңды құбылыс. Өйткені, еліміздің егемендік алған уақытында жазылған оқулықтар мен академиялық басылымдарды заман талабына сай жазып шығу қажет. Жалпы, ел тарихына қатысты оқулықтар мен академиялық басылымдар ширек ғасыр 25 жылда бір рет жаңарып отырғаны дұрыс деп ойлаймыз. Себебі, заман өте келе жаңадан жинақталатын тың деректер немесе ашылатын жабық архив материалдары болуы мүмкін. Сондықтан, толықтыру, қайта даярлау жұмыстары жүзеге асырылуы керек.
Тағы бір өзекті мәселе «Тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы». Кезінде ҚР ҰҒА академигі М.Қ. Қозыбаевтың басшылығымен 1995 жылы «Тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы» дайындалған. Онда тарихты қайта зерттеу және оқыту туралы мәселелеріне оң бағыт көрсетілді. Көп жұмыстар атқарылды. Бірақ, уақыт өте келе оны да жаңалау, толықтыру және жаңа заманға сай дайындау мәселесі көтерілуде. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасында көрсетілген бұл мәселені де алдағы уақытта тарихшы қау