Ситуациалық есептер
Есеп №1. Кезеңді медициналық тексеруге жататын контингентті анықтау мақсатында машина жасау зауытында тексеру барысында анықталды: механикалық цехтардағы токар-фрезировщиктердің жұмыс орнындағы жұмыс аймағының ауасында алифатты көмірсутектің шектік концентрациясы 400 мг/м3 құрайды, мұнай майының аэрозолі 30 мг/м3 –қа дейін, жинау цехнда құрамында қорғасын бар заттарды балқытып еріту жүргізіледі және ауадағы қорғасын ШРЕК-дан жоғарлаған. Тері шайындысынан үнемі қорғасын анықталып отырады. Жинау цехында марганец құрамды электродтар мен электірлі дәнекерлеу жүргізіледі. Жұмыс аймағының ауасында дәнекерлік аэрозоль марганецтің 20%-дық концентациясы анықталған. Тапсырма:
1. Кезеңді медициналық тексеру мақсатын атаңыз.
2. Кезеңді медициналық тексеруге жататын контингенттің тізімін құрыңыз.
3. Кезеңді медициналық тексеруді өткізу мерзімін, медициналық комиссия жіне қажетті лабораториялық зерттеулерді атаңыз.
Есеп №2. Машина жасау зауытының цехтарындағы жұмысшыларды кезекті жылға кезеңді медициналық тексеруге жататындарды бекітті:
- гальваникалық цехтағы детальдарды никель және хромды электрлі жабындылау гальваникалық ванналармен бірге алдын ала тазалау травильді ванналарда жүргізіледі. Галваниктердің жұмыс орнында қышқыл буы ШРЕК деңгеінде анықталды, ал хромды ангидрид ШРЕК деңгейінен 3 есе жоғары. Терінің никель, хрометұздарымен жанасуы мүмкін.
- сырлау цехтарында лак бояулары металл өнімдерінің беттеріне камерадағы пульверизатордың көмегімен жоғарлады, ал кептіру электролампалы кептіргіштермен жүзеге асады. Бояулар еріткіштермен (толуол, бензин, ксилол) қоспалардан тұрады. Сырлаушылардың демалу аймағындағы еріткіштердің концентрациясы ШРЕК деңгейіне 2-3 есе жоғары. Тері лак бояуларымен ластануы мүмкін.
Тапсырма:
Кезеңді медициналық тексеруге жататын жұмысшыларды (сәйкес форма толтыру арқылы) анықтаңыз.
Кезеңді медициналық тексеру өткізудің уақытын, дәрігер-маман құрамы, қажетті зертханалық зерттеулерді көрсетіңіз.
Еңбек гигиенасы дәрігерінің кезеңді медициналық тексеру бойынша өндірістік мекеме әкімшілігіне қоятын талаптар.
Есеп №3. Тігін фабрикасының дайындық цехтарының контингентін анықтау мақсатында, кезекті жылға кезеңді медициналық тексеруге жататын контингентті бекітті:
- сновальді цехта микроклимат көрсеткіші ШРЕК-ға сәйкес, шудың ШРЕД-тен төмен, нысана көлемінің айырмасы – 0,2-0,3 мм;
- айналмалы цехта жұмысшыла жұмыс орнында жұмыс уақытының 90% тұрып жұмыс істейді, нысана көлемінің айырмасы – 0,2-0,3 мм; Микроклиматы санитарлық регламентке сәйкес, ал едендегі діріл деңгейі ШРЕД-ден төмен, дыбыс деңгейінің қысымы 95-97 дБА.
Сол цехтің көмекші жұмысшылары уақыттың 50%- да цехта болады.олар 15 кг ауырлықтағы жүктерді сағатына 2 рет көтереді және жылжытады.
Тапсырма:
Кезеңді медициналық тексеруге жататын жұмысшыларды (сәйкес форма толтыру арқылы) анықтаңыз.
Кезеңді медициналық тексеру өткізудің уақытын, дәрігер-маман құрамы, қажетті зертханалық зерттеулерді көрсетіңіз.
Еңбек гигиенасы дәрігері кезеңді медициналық тексеруге жататын контингенттің тізімін қалай анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |