б) ЖҚЗ-мен қамтамасыз етуде кім жауапкершілікті жүктейді?
Есеп 6. Аудандық емхананың жабдықталған бөлмесінен рентген кабинет ашу жобаланды. Емхананың басшылары рентген кабинетті ашу үшін СЭС-тан келісім сұрады.
Тапсырма: а) рентген сәулелерінен қорғау үшін қолданылатын шараларға ұсынысыңызды атаңыз (соның ішінде ЖҚЗ бойынша).
Есеп 7. Радиациялық медицинаның ҒЗИ-ның бір зертханасында 1 классты жұмыстар жүргізіледі (ашық радиоактивті сәулелермен).
Тапсырма: Қандай ЖҚЗ жұмысшылардың зертханасында қолданылады?
Есеп 8. Қалалық емханада ультракүлгін энергиясын қолдану барысыныда диагностикалық және емдік шаралар жүргізіледі.
Тапсырма: Дәрігерді қамтамасыз ететін ЖҚЗ-ның комплектісін анықтаңыз.