Ситуациялық есептер. Есеп №1. Метрополитен салу кезінде кессонды әдіспен жұмыстар жүргізілді. Метрокұрылыстың денсаулық пунктіне кессон камерасында 6 сағат жұмыс істеген жұмысшы буындарының және бұлшықеттерінің ауруына шағымданып келді Обьективті тексергенде беттінің эмфиземасы. шырышты қабаттарының гиперемиясы байқалды.
Тапсырма:
Кессон камерасьшдағы жұмысшының; еңбек жағдайына сипаттама беріңіз.
Есеп №2.Темірбетон бұйымдарын дайындау зауытынның арматуралық цехында дәнекерлеу станогында металдық арматуралық; торлар дайындалады. Арматуршы бұл жұмысты тұрып орындайды және тұрақты жұмыс орны бар. Арматуршы ауысым бойынша жұмыс процессі кезінде 30 градус бұрыш жасай денесін 70-80 рет бүгеді Дайын болған арматуралық торларды қолымен жинайды. Олардың әрқайсысының салмағы 8-10 кг жетеді. Бұл операцияны орындау кезінде энергия шығыны 13,4*10 үш дәрежесі Дж. Пек.м. ( 3,2 ккал. минут)болғанын көрсетті. Жұмысқа дейінгі білезік бұлшықетінің төзімділігі жұмыстың соңында 18% төмендеді.
Тапсырма:
Арматуршының жұмысы қандай ауырлық категориясына жататынын анықтаңыз.
Бұлшықеттің тезімділігін анықтау әдісін көрсетіңіз.
Есеп №3.Қарағандының цемент зауытының негізгі цехында 1500 жұмысшы жұмыс істейді. Олардың ішіндегі жұысшы цемент шанының әсеріне, 700 жұмысшы шудың әсеріне ұшырайды. Кезекті медициналық тексерулер кезінде 15 жұмысшыда пневмокониоз анықталды, ал 20 кәсіптік керендік, 30 кәсіптік дерматоздар анықталды.
Тапсырма:
Кәсіптік аурушылдың көрсеткіштерін есептеңіз.
Цемент зауытындағы жұмысшылардың пневмокониозы қай типке жатады.