Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы



Дата27.12.2016
өлшемі282,78 Kb.
#5781
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ




ПжПИ ғылыми кеңесінде бекітілген

«___ » __________ 2015 ж. № ___ хаттама

Ғылыми кеңес төрайымы

Педагогика және психология

институтының директоры

____________________С.М.Кеңесбаев




«6D010500-Дефектология» мамандығы бойынша
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы, 2015

Қабылдау емтиханының бағдарламасы:


  • Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы № 261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қатысты «Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі;

  • ҚР БжҒМ 2013 ж. 10 сәуіріндегі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 158 бұйрығымен бекітілген «6D010500-Дефектология» мамандығының үлгілік оқу жоспары негізінде даярланды.


Құрастырушы: пс.ғ.д. Бекмуратова Г.Т.

Психология және арнайы білім беру кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды: № ___ хаттама, «____» ___________2015 ж.





Кафедра меңгерушісі:

___________

З.А.Мовкебаева


ПжПИ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

___________


А.Т.Ақжолова



Қабылдау емтиханының бағдарламасы Педагогика және психология институтының Ғылыми кеңесінде бекітілді: № хаттама, « » ___________ 2015 ж.



2015-2016 оқу жылында 6D010500– «Дефектология»

мамандығы бойынша докторантураға түсу үшін бағдарлама


  1. Әлеуметтiк мәдениет мәселелерiнiң контекстiндегi арнайы бiлiм.

Мүмкіншілігі шектеулі балалар. «Қатер тобындағы балалар». Мүгедек балалар. Арнайы білім беру қажеттіліктері. Әлеуметтік жұмыс. Арнайы білім беру жүйесі. Арнайы білім берудің ерекше білім беру қажеттілігі мен мазмұны. Арнайы білім беру бағдарламалары. Спецификалық оқу пәндері.

  1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік интеграциялау.

Шетелдегі инклюзивті білім беру жүйесінің тарихы және даму тенденциясы. Инклюзивті білім беру, интеграция, заманауи түсініктер. Инклюзивті білім беру жобасы. Жалпы білім беру процесіне мүмкіндігі шектеулі балаларды қосуға қоғамдық топтардың көзқарасы. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды мәдени өмірге, бос уақытын өткізуге және спортпен шұғылдануды қамтамасыз ететін бағдарламаны құрау.

  1. Арнайы педагогика және психология тарихы және философиясы.

Л.С.Выготскийдің психиканың мәдени-тарихи даму теориясы. Зерттеулерінің өзектілігі. Тұлғаға курделі құрылым ретіндегі көз қарасы. Кемістіктің құрылымы туралы түсінік, негізгі және екіншілік кемістік. Мүмкіндігі шектеулі балалардың өзіндік сапалы дамуында қалыпты және қалыпты емес балалардың даму заңдылықтарының бірлігінің ережелері. Арнайы дайындалған ересектердің мақсатты бағытталған ықпалы арқылы кемістікті компенсациялау мүмкіндігі туралы және екіншілік ауытқуды түзету туралы ілімдер.

  1. Арнайы білім беру мен шетелдік педагогикалық ойлардың даму тарихы.

Адам дамуындағы тұжырымдамалық (human development). Көмек көрсету қызметінің шетелдік тәжірибесі. Функциялауды халықаралық топтастыруда денсаулықтың биологиялық, тұлғалық және әлеуметтік позициясына байланысты түрлі жағынан үйлескен көзқарастарды қамтамасыздандыру. МШБ оқыту және тәрбиелеудің қазіргі тенденциялары. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік интеграциялау. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғау аймағындағы халықаралық ғылыми және ғылыми технологиялардың ынтымақтастығын дамыту және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға тікелей қатысы бар барлық аймақтарда яғни жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды жүзеге асыру.

  1. Қазақстан республикасындағы арнайы бiлiмнiң жүйесiнiң мәдениеттi-тарихи динамикасы.

ҚР-да «Мүмкіншілігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық түзетушілік қолдау туралы» заңының күшке енуіне дейінгі арнайы білім беру жүйесінің күйі. ҚР ғылым және білім министрлігінің басшылығы. Арнайы білім беру ұйымдарының типтері мен түрлері. Медико-педагогикалық комиссиялар. Арнайы мектепке дейінгі ұйымдар. Арнайы мектептер. ҚР ерте коррекция және дамытушылық көмек көрсетудің ұлттық жүйесі (Р.А.Сүлейменова және т.б.).

  1. Арнайы білім сапасын басқару.

ҚР арнайы білім беру жүйесін басқару. Қазақстандағы түзетушілік педагогика мен психологияның жетістіктері. ҚР арнайы білім беру сапасын бағалау жүйесін ендіру қажеттігі. Білім беру стандартына сәйкес арнайы білім беру нәтижесі туралы обьективті ақпараттар алу жүйесін құрудың маңыздылығы. Білім беру процесінің нәтижелігін, оқу бағдарламаларының тиімділігін, олардың стандартқа сәйкестігін анықтау мақсатында мүмкіншілігі шектеулі балалардың дамуын педагогикалық диагностикалау.

  1. Арнайы білім нәтижелерін және білім беру технологияларын жоспарлау.

Мүмкіншілігі шектеулі балалардың даму деңгейін бағалау критериилерін, шараларын және технологияларын анықтау, педагогикалық диагностикалауды ұйымдастыру және оны арнайы білім беру жүйесін басқарудың құралы ретінде қолдану. Арнайы білім нәтижелерін және білім беру технологияларын жоспарлау.

  1. Арнайы білім беру жүйесін жобалау және саралау.

Арнайы білім беру сапасын бағалау жүйесі бір-бірімен өзара тығыз байланысты қызмет, нысан, пәні, субъектісі, критерийлері мен көрсеткіштері және бағалау нәтижелерінің жиынтығын білідіреді. Мониторинг әдістеріне қойылатын талаптар. Қолданылатын әдістердің үйлесімділігі: бақылау, әңгіме, сарапшылар бағасы, тесттік емес критерийлік-бағдарлаушы әдістемелер, критерийлік-бағдарлаушы тестілеу, скрининг – тесттер және т.б. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен байланысты білім беру үрдісіне инновациялық психолого-педагогикалық технологияларды жобалау және енгізу.

  1. Арнайы білімнің вариативті жүйелері.

ҚР арнайы білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы. Ерте жастағы және мектепке дейінгі балаларды оқыту және дамыту жүйесі. Арнайы білімнің вариативті жүйелері. Әлеуметтік және еңбектік қорғау, медициналық көмек, мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларға көмек көрсететін ұйымдар.

  1. Инклюзивті білім беру жағдайларында педагогтарды әлеуметтік-гуманитарлық дайындаудың теориясы және техологиясы.

Болашақ арнайы педагогтардың қазіргі таңдағы жоғары оқу орнындағы білім беруді негіздеу. Арнайы психология мен педагогикадағы әдіснамалық білімнің құрылымы: философиялық,жалпығылыми, нақтылы ғылыми және техникалық компонент. Арнайы психология мен педагогикадағы іргелі және техникалық білімді интеграциялау. Арнайы білім беру жүйесіндегі мамандардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үрдісі, жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу институтындағы ғылыми-зерттеу секторы, жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі мүмкіндігі шектеулі тұлғалар.

  1. Арнайы білім беру жүйесіндегі әлеуметтік педагогика.

Балалардың дамуындағы биологиялық және әлеуметтік бірліктің теориясы. Мәдени даму бұзылған функцияларды компенсациялау тәсілі ретінде. Кешенді мақсатты бағытталған түзету педагогикалық ықпал туралы түсінік. Сензитивті кезеңдер туралы ілімдер.Арнайы білім беру жүйесіндегі әлеуметтік педагогика. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмірлік әрекеттерін қолайлы әлеуметтік орта мен білімдік (кәсіптік) шарттармен қамтамасыз ету бағдарламаларын енгізу және құрау.

  1. Арнайы психология мен педагогикадағы іргелі және техникалық білімді интеграциялау.

Арнайы білім беру аймағындағы ҚР білім берудің мемлекеттік саясясатының негізгі бағыттарын есепке алу. Білім берудің іргелі және гуманистік негіздер;компетенттілік жолы; білім беру мазмұны мен оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерінің өзара байланысыының тұжырымдамасы; педагогикалық үрдіс тұтастығы білім құрылымының негізі ретінде; педагогикалық үрдістің гуманизациясы мен демократизациясы, оқу тәрбие түзету жұмыстары ұйымдастырушылық және мазмұндық аспектілеріне шығармашылық көзқарастар. Компетенттілік жолдар оқушылардың ақыл ой қабілеттіліктерінің даму құралы ретінде.

  1. Арнайы психология мен педагогикадағы ғылыми зерттеулердің қызметі және бағдары.

Арнайы психология мен педагогикадағы ғылыми ізденістің әдіснамасы. Арнайы психология мен педагогикадағы ғылыми теорияларды талдау және құру әдістері. Арнайы психология мен педагогикадағы ғылыми теорияның жалпы анықтамасы мен сипаттамасы. Арнайы психология мен педагогикадағы ғылыми зерттеулердің қызметі және бағдары (іргелі, қолданбалы және талдамалы).

  1. Арнайы психология мен педагогикадағы ғылыми үлгілеу әдісі, арнайы білім беру ұйымдарындағы түзету-педагогикалық үрдістегі оқу материалы мазмұнының құрылымын талдаудың негізі болып табылады.

Психологиялық педагогикалық зерттеудің әдістері туралы жалпы түсінік. Зерттеу әдістерін топтастыру. Зерттеу әдістерін таңдаудың негізгі критерийлері. Зерттеудің теориялық әдістері. Зерттеудің эмпирикалық әдістері. Арнайы психология мен педагогикадағы ғылыми үлгілеу әдісі, арнайы білім беру ұйымдарындағы түзету-педагогикалық үрдістегі оқу материалы мазмұнының құрылымын талдаудың негізі болып табылады. Балаларды дамыту, оқыту, тәрбиелеу барысына әсер ететін және адамзатпен жинақталған мәдени-тарихи тәжірибелердің ролі.

  1. Зерттеу деңгейлерін сәйкестендіру және жоспарлау.

Псхолого-педагогикалық зерттеу әдіснамасы. Ғылыми зерттеудің концептуалды ұғымдық аппараты. Ғылыми зерттеу тақырыбының өзектілігін жалпылау. Зерттеу деңгейлерін сәйкестендіру және жоспарлау.

  1. Адам дамуын мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қатынасында көрсететін статистикалық көрсеткіштерді топтастыру.

Мәліметтер базасы білім беру ұйымының іс-әрекетін жүйелі талдау негізі. Адам дамуын мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қатынасында көрсететін статистикалық көрсеткіштерді топтастыру. Адамның даму индексі (АДИ). Қазақстан Республикасындағы және өңірдегі адам дамуының және мүгедектердің жағдайы. Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі адамның даму индексі мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қатынасында.

  1. Халықаралық құқықтық актілер, шет елдердің заңдары, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығын қорғау саласындағы ұлттық заңдар.

Халықаралық құқықтық актілер, шет елдердің заңдары, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығын қорғау саласындағы ұлттық заңдар. Арнайы педагогика саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жасау. Пәнаралық байланыс орнату, дамуындағы ауытқушылықтардың алдын алу, ерте көмек көрсету, шет елдермен ақпарат алмасуды іске асыру. Арнайы білім берудегі халықаралық әдістер.

  1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қолдаудың шет елдік үлгілері.

Арнайы білім берудің ұлттық жүйесінің бірінші кезеңі. Арнайы білім берудің ұлттық екінші кезеңі. Арнайы білім берудің ұлттық жүйесінің үшінші кезеңі. Арнайы білім берудің ұлттық жүйесінің төртінші кезеңі. Арнайы білім берудің ұлттық жүйесінің бесінші кезеңі.

  1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қорғауды қаржыландырудың халықаралық стандарты.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қорғауды қаржыландырудың халықаралық стандарты. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметке қосу үрдісіндегі мемлекеттік ұйымдардың атқаратын қызметі.

  1. Мүгедектердің құқықтары жайлы конвенция БҰҰ (ООН). Қазақстан Республикасының конвенцияны бекіту үрдісі.

Мүгедектердің құқықтары жайлы конвенция БҰҰ. Қазақстан Республикасының конвенцияны бекіту үрдісі (саяси, заң шығарушы, институционалды және әлеуметтік экономикалық шараларды қабылдау). Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығы. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата аналарының құқықтары және міндеттері.

  1. Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қорғау құқығының ресми идеологиясы.

Мүгедектік және еңбекке қабілетсіздік деңгейін бекіту (баланы мүгедек деп танудағы медициналық көрсеткіштер). ҚР мүгедектік сферасындағы әлеуметтік саясаттың нормативті құқықтың базасы. «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңы. «ҚР бала құқығы туралы» заңы. «ҚР арнайы қызметтер туралы» заңы. Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығы. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата аналарының құқықтары және міндеттері.

  1. Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтік экономикалық инфрақұрылымы.

ҚР арнайы білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы. Әлеуметтік қорғау ортасы. Әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігі. Әлеуметтік – педагогикалық көмек көрсету, көмекші техникалық құралдармен қамтамасыз ету, әлеуметтік жағдайында мониторинг өткізу, ата-аналарды оқыту. Үйдегі инвалид – балаларға әлеуметтік көмек көрсету және медициналық – әлеуметтік мекемелер бөлімі.

  1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы әлеуметтік көмек көрсету жүйесі.

Әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау салаларында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қарайтын мекемелер. Денсаулық сақтау министрлігі. Ерте туылған кезіндегі көмек көрсету мекемелері.Денісау баланың кабинеті. Диагностика орталығы. Балалар үйі.

  1. Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларын қолдау.

Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларын қолдау. ҚР ерте жастағы мүмкіншілігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медико-педагогикалық қолдау көрсететін ұйымдар. Ата-аналарға кеңес беру. Үйлеріне барып насихаттау.

  1. Әлеуметтік институттар жүйесінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды ақпараттық жағынан қорғау.

Әлеуметтік институттар жүйесінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды ақпараттық жағынан қорғау. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қолдау қатынасында азаматтық бастама. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген қоғамның адамгершілікті және төзімділікті қарым-қатынасты қалыптастырудағы ынтымақтастықты ұйымдастыру.

  1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметке қосу үрдісіндегі мемлекеттік ұйымдардың атқаратын қызметі.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметке қосу үрдісіндегі мемлекеттік ұйымдардың атқаратын қызметі. ҚР заңдарын арнайы білім беру саласында жүзеге асуын бақылау, мемлекеттік білім беру стандарттарын сақтау.

  1. Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқытудағы мемлекеттің инклюзивті саясаты.

ҚР жалпы білім беру ұйымдарында мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқытудың қазіргі жағдайы. Иклюзивті білім беру мәселелері бойынша қазақстандық ғалымдардың зерттеулері. ҚР білім беру үрдісіндегі мүмкіндішілігі шектеулі балаларды енгізу тәжірибесі.

  1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқытуға қазіргі заманға сай инновациялық білім технологиясын қолдану үрдісін білу.

Арнайы білім беру мазмұнын жасаудың ғылыми теоретикалық негізі. Білім беру мазмұнын анықтаудың жалпы қағидаларын жасау тарихынан. Білім беру мазмұнын құру теориясы. Арнайы білім беру мазмұнын таңдау кретиреялары. Білім беру мазмұны мен мақсатының сәйкестігі. Жаңа ақпараттық дамытушы технологияларды өңдеу мен енгізу.

  1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қашықтан оқыту формасын енгізу және жобалау.

Мүмкіншілігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқыту арнайы білім берудің формаларының бірі ретінде. Мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың мақсаты, міндеті және негізгі шарттары. Мүгедек балалардың жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, компьютерлік техника мен компьютерлік қамтамасыз ету.

  1. Арнайы білім беру жүйесін нормативті-құқықты және әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.

Арнайы білім берудің мазмұнын көрсететін құжаттарға жалпы сипаттама. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, арнайы білім беру жүйесіндегі оқулықтар. Жеке оқу жоспары. Баланы дамытудың жеке түзете-дамыту бағдарламасы. Ерте кешенді көмек көрсету бағдарламасы. Түзету сабақтарының бағдарламалары.

  1. Аарнайы білім берудің сапасын бағалайтын индикаторды жетілдіру.

Мемлекеттік жаңа жалпы білім беру стандартын енгізу. МЖБС балалардың жетістіктерінің деңгейі ретінде. Стандарт талаптардың деңгейң немесе дәрежесі, жетістік деңгейі. Мемлекеттік жаңа жалпы білім беру стандартын ұйымдастырудың сапасын бағалау. Баланың компетентті дамуының индикаторлары баланың толық дамуының деңгейін зерттеу құралы ретінде. Диагностика баланың жеке білім алуын құруға арналған даму ретінде.

  1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмірлік әрекеттерін қолайлы әлеуметтік орта мен білімдік (кәсіптік) шарттармен қамтамасыз ету бағдарламаларын енгізу және құрау.

Мәліметтерді оперативті талдау жүргізу, оқыту сапасын арттыру үшін оның нәтижелерін білімділік тәжірибесінде қолдану. Жаңа ақпаратты-қатынастық технологиялар мен ассистивті құралдарды өңдеу және енгізу арқылы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмір әрекетіндегі кездесетін қиыншылықтарды жою. Инфрақұрылым нысандарындағы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға кедергі келтіретін қиыншылықтарды шектейтін бағдарламаны енгізу және өңдеу.

  1. Білім беруді басқару, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың және олардың білімдік (кәсіптік), медициналық, әлеуметтік қызметтерін қажетсінуді есепке алу мен есеп жүргізудің мемлекеттік жүйесін құрау.

Скрининг. Медициналық және психолого-педагогикалық тексеру. Психодиагностикалық тексеру принциптері, міндеттері, және әдістері. ПМПКның әрекетін түрлі деңгейде ұйымдастыру. Мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу жетістіктерінің деңгейі туралы ақпаратты оперативті өңдеу мен жинау әдістерін ақпарттандыру.

  1. Арнайы білім беру саласында стратегиялық бағыттарды өңдеу, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеуді ұйымдастыру мен өткізу.

Арнайы педагогиканың теориясы мен практикасының қазіргі жағдайы. Арнайы педагогика саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жасау. Арнайы білім берудің теоретикалық-әдіснамалық негізін дамытуда отандық ғалымдардың қосқан үлесі. Қазіргі заманда арнайы педагогика саласында ғылыми зерттеулердің проритеттік бағыты. Білім беруді басқару, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың және олардың білімдік (кәсіптік), медициналық, әлеуметтік қызметтерін қажетсінуді есепке алу мен есеп жүргізудің мемлекеттік жүйесін құрау.

  1. Арнайы білім берудегі интеграциялық үрдісте мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік медико-педагогикалық түзете қолдау бағдарламаларын ғылыми түрде сүйемелдеу.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте жастан тексеру мен оларға медициналық-әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық көмек көрсету. Мектепке дейінгі арнайы білім берудің сапасын мониторингілеу. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізуге дайындау. Іс-әрекеттің барлық түрлерінің өзара байланысы: білімділік, ғылыми – әдістемелік, инновациялық, қаржылық, ұйымдастыру-басқарушылық, арнайы мектепке ұйымдардың іс – әрекеті.

  1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға кәсіптік білім беруді оқу-әдістемелік және нормативті-құқықтық тұрғыда қамтамасыз ететін білім бағдарламаларын құру.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға кәсіптік білім беруді оқу-әдістемелік және нормативті-құқықтық тұрғыда қамтамасыз ететін білім бағдарламаларын құру. Мүмкіншілігі шектеулі балаларды кәсіби-еңбекке оқыту жүйесінің дамуы. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік және нормативті-құқықтық тұрғыда қамтамасыз ететін білім бағдарламаларын енгізу.

  1. Жақын шет елдердегі мүмкіндігі шектеулі балалар мәселелері бойынша қазіргі психологиялық-педагогикалық зерттеулер.

Мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесі бойынша жақын және алыстағы шет елдердегі қазіргі психолого-педагогикалық зерттеулер. Жақын шет елдердегі (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Прибалтика, Белоруссия, Украина) түзету педагогика және психология салаларында қазіргі зерттеулердің күйі. Ресей Федерациясындағы түзету педагогика және психология салаларында қазіргі зерттеулердің күйі. Түзету педагогикалық институты. Ерте көмек көрсету институты (Санкт-Петербург).

  1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте бастан психологиялық-педагогикалық көмек көрсету қызметі (отандық және шет елдік тәжірибе).

Мүмкіншілігі шектеулі балаларға ерте психолого-педагогикалық көмек көрсету қызметі (Шетелдік және отандық тәжірибелер). Ерте кезден көмек көрсету бағдарламасының жалпы сипаттамасы. Ерте жастағы балаларға арнайы білім беру ұйымдарында коррекциялық-дамытушылық көмек көрсетуді ұйымдастырудың негізгі бағыттары және оларға қойылатын жалпы талаптар.

  1. ҚР ерте бастан түзетушілік-дамытушылық көмек көрсетудің ұлттық жүйесі.

ҚР ерте коррекция және дамытушылық көмек көрсетудің ұлттық жүйесі (Р.А.Сүлейменова және т.б.). Арнайы білім беру ұйымдарында жеке коррекция-дамытушылқ бағдарламаны жүзеге асыру алгоритмі. Ерте коррекциялық-дамытушылық көмек көрсетуді ұйымдастыру формалары. Түзете-дамыта оқыту. Ерте көмек көрсету комитетінің оқу жоспары. Түзете-дамыту процесінің спецификалық-дидактикалық қағидалары. Ерте жастаы балаларға арналған жеке түзете-дамыту бағдарламасының мазмұны. Ерте жастағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жеке түзете-дамыту бағдарламасы (ЖДБ). ЖДБ құрылымы. Баламен жанұяның әлеуметтік-психологиялық, медициналық және білім беру сипаттамасы. ЖДБ дайындау кезеңдері. Психофизиологиялық дамудың топтық бағалауы. Психология-педагогикалық тексеру. Жеке түзете-дамыту бағдарламасының тиімділігінің мониторингі.

  1. ҚР мүмкіндігі шектеулі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың жүйесі.

Мектепке дейінгі МШБ оқыту және тәрбиелеудің қазіргі тенденциялары. Мектепке дейінгі арнайы білім беру ұйымдарының түрлері мен типтері. Білім берудің түрлі ұйымдарында түзету педагогикалық процесті ұйымдастыру. МШБ арналған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында түзету дамытушы процесті ұйыымдастыру және мазмұны. Мектепке дейінгі МШБ оқыту және тәрбиелеу міндеттері, қағидалары, әдістері. Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дайындығын қалыптастыру. Арнайы мектепке дейінгі ұйымдардың қызмет етуі мен даму стратегиясы.

  1. Әртүрлі білім ұйымдарында түзетушілік-педагогикалық үрдісті ұйымдастыру.

МШБ арналған арнайы мекемелердің жаңа типтеріндегі түзету дамытушылық процестің ұйымдастырылуы және мазмұны. МШБ тәрбиелеу және оқыту міндеттері, қағидалары және әдістері. МШБ тәрбиелеу және оқытуды ұйымдастыру формалары. Сабақтар МШБ оқыту және тәрбиелеу негізгі формасы ретінде. МШБ білім беру қызметін көрсететін арнайы мекемелердің әдістемелік жұмыстары.

  1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды білімдік үрдіске ендіру.

Мүмкіншілігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ұйымдарда көмек көрсетудің психология-педагогикалық концепциясы. Мүмкіншілігі шектеулі балаларға психология-педагогикалық және медико-әлеуметтік көмек көрсету. Көмек көрсетудің негізгі түсініктері және қағидалары. Көмек көрсетудің құрылымы. Жалпы білім беретін мектепте жеке көмек көрсетудің негізгі кезеңдері. Жалпы білім беретін мектепте көмек көрсету жүйесінің негізгі кезеңдері. Арнайы мектепте психология-медико-педагогикалық консилиум. ҚР жалпы білім беретін ұйымдарда мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқытудың қазіргі жағдайы. Инклюзивті білім беру мәселесі бойынша қазақстандық ғалымдардың зерттеулері. ҚР мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру процесіне қосу тәжірибесі.

  1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту жүйесіндегі қазіргі ақпараттық-коммуникативтік технологиялар.

Дамуында ауытқушылықтары бар балалармен жұмыс жасау барысында информациялық технологияларды қолдану аймағындағы зерттеулер. Міндеттер, жалпы сипаттама. Жаңаша ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мүмкіншілігі шектеулі балаларды диагностикалау, түзету және дамыту. Түрлі психофизикалық бұзылыстары бар балалармен жұмыс жасау кезінде қолданылатын компьютерлік ойындар. Компьютерлік ойын түрлері.

  1. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін көмекші компенсаторлық және техникалық құралдар.

Компенсаторлық, техникалық және көмекші құралдардың топтастырылуы. Мүгедектерді протезді-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету ережелері. Тифлотехникалық құралдар. Сурдотехникалық құралдар. Қозғалыс дағдыларын дамытуға арналған құралдар. Қоршаған ортаға бейімделуге арналған құралдар. Міндетті гигиеналық құралдар.

  1. Ерте жастағы балалардың психофизикалық дамуының бұзылуының скринингін амбулаторлық- емхана ұйыдарында (АЕҰ) ұйымдастыру.

Амбулаторлы емханалық мекемелерде ерте жастағы балалардың дамуының психофизикалық заңдылықтарын скринингін ұйымдастыру (АЕМ) кезіндегі негізгі іс шаралар. Әлеуметтік қолдау көрсету. ПМПК да балаларға скрининг жүргізу алгоритмі мен бағыттары. Скринингтің бірінші кезеңі ерте көмек көрсетудегі туу кезіндегі көмек көрсету неонтолог дәрігермен жүргізіледі: туылған балалардың психосоматикалық дамуында ауытқушылықтарды болжау.

  1. Кохлеарлы имплантация есту-сөйлеуді оңалтудың жоғары технологиялық әдіс ретінде.

Кохлеарлы имплантация есту-сөйлеуді оңалтудың жоғары технологиялық әдіс ретінде. Психолого-педагогикалық диагностика және консультацияның әдіснамалық негізі. Сурдотехникалық құралдар.

  1. Мүгедектік, зақымдану мен жарақаттанудың халықаралық классификаторлары.

Зақымдалудың, мүгедектіктің халықаралық топтастырылуы (ЗХТ). Еңбекке қабілеттіліктің бұзылуының және төмендеуінің, әлеуметтік жетіспеушіліктің халықаралық топтастырылуы (БХТ-2). Өмірлік іс-әрекетінің және денсаулығының қызмет етуінің, шектелулерінің халықаралық топтастырылуы (ҚХТ). Аурулардың халықаралық топтастырулары (АХТ-10).

  1. Өткізілген тексеру негізінде балалармен жүргізілетін түзетушілік- педагогикалық және түзетушілік-психологиялық жұмысты жоспарлау.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың психомоторлық сферасын бағалаудың негізгі параметрлері. Тамақ ішумен, санитарлы-гигиеналық ережені сақтаумен, киімін күту және т.б. байланысты өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын меңгеруі. Сенсомоторлы дамуы. Сөйлеу тілінің дамуы. Кеңістікте және мезгіл бойынша бағдарлауы. Жалпы моторикасын дамыту. Қолдың буындарының және саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту.

  1. Басқарушылық циклде арнайы білім беруде мониторинг сапасы жеке звено ретінде.

«Сапалы арнайы білім беру» түсінігінің анықтамасы. Мониторингті ұйымдастыру формасы. Жергілікті, региональды және ұлттық деңгейде ұйымдастырылған арнайы мектепке дейінгі және мектеп ұйымдасрында білім беру қызметінің сапасын анықтау бойынша мониторинг өткізудің мақсаты және міндеттері. Бақылаудың негізгі түрлерінің сипаттамасы. Тематикалық бақылаудың мақсаты, міндеті және негізгі мазмұны. Қорытынды бақылаудың мақсаты міндеті және негізгі мазмұны. Бақылау обьектісі. Арнайы білім беру сапсын мониторингтеуді жүзеге асыруға қажетті жағдай.

  1. ҚР арнайы білім беру жүйесінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру.

Түзету педагогикасы мен арнайы білім берудің мәселелері мен міндеттері. Арнайы білім берудегі ұйымдастырушылық - құрылымдық негіздер. Арнайы білім беру мазмұнын жаңартып отыру. Оқытудың білімділік технологиялары мен әдістемелерін іске асыру. Арнайы білім берудегі интеграциялық үрдісте мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік медико-педагогикалық түзете қолдау бағдарламаларын ғылыми түрде сүйемелдеу.

  1. Мүмкіндігі шектеулі баланы психологиялық-педагогиқалық және медициналық әлеуметтік қамтандыру.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық және медициналық әлеуметтік қамтамасыздандырудың мақсаты, міндеттері және іс-әрекеті. Мүмкіншілігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетушілік қолдау көрсету мәселелерін мемлекеттік реттеу.

  1. Арнайы білім беру (түзету) ұйымдарында оқыту және тәрбиелеу технологиялары.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен байланысты білім беру үрдісіне инновациялық психолого-педагогикалық технологияларды жобалау және енгізу. Арнайы мектепке дейінгі және мектептік орта білім беруден кейін, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім берудің құзыретті әдіснамасын құрау.

  1. ҚР мүмкіндігі шектеулі балаларға мектепте тәрбиелеу және оқытудың нормативті-құқықтық қамтамасыздандыру.

Халықаралық гуманитарлы құқық нормалары: «Ақыл ойы кем балалардың құқығы туралы Декларациясы 1971», «декларация 1975» «БҰҰ Конвенциясы Балалар құқығы туралы 1989», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық психологиялық педагогикалық түзеу арқылы қолдау» Заңы, Бағдарламалық әдістемелік қамтамасыздандыру және т.б.

  1. Мүмкіндігі шектеулі балалардың даму деңгейін эксперттік бағалаудың алгоритмін өңдеу.

Жеке, топтық және командалық эксперттік бағалау. Ұжымдық эксперттік бағалау әдісі. Эксперттік бағалау критерийлерін өңдеу алгоритмі. Номенклатура деңгейлерін анықтау (жоғары, орта, төмен немесе тиімді, қол жетімді немесе қол жетімсіз т.б). Бағаланатын сапа, параметр, нәтижелердің даму деңгейлерін сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығын өңдеу.

  1. Арнайы білім беру мекемелерінде ерте жастағы балаларға арналған жеке түзету-дамытушылық бағдарламаларының орындалуының алгоритмі.

Мүмкіншілігі шектеулі балаларды жеке оңалту бағдарламасының мазмұны. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың жеке оңалту бағдарламасының құрылымы. Баланың және отбасының әлеуметтік психологиялық медициналық және білімділік сипаттамасы. ЖОБ құру кезеңдері. Психофизикалық дамуды топтық бағалау. Психологиялық педагогикалық тексеру.

  1. Арнайы білім беруде мониторинг сапасының орындалуына қажетті жағдайлары.

Педагогикалық тестілеудің өткізілу кезеңін анықтау. Оқу материалдарын меңгеру деңгейіне сипаттама. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың психологиялық сферадағы оқу іс-әрекеттерінің жетістіктерінің параметрі. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың психомоторлық сферадағы жетістіктерінің негізгі параметрі.

  1. Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуын деңгейін педагогикалық диагностикалаудың мақсаты, міндеттері және принциптері.

Мүмкіншілігі шектеулі балалардың даму деңгейінанықтау бойынша мониторингті ұйымдастырудың негізгі кезеңдері. Мүмкіндігі шектеулі балалардың даму деңгейінің қазіргі кездегі деңгейі, мақсаты, міндеті және үрдісі. Әдістемелік және диагностикалық құралдарды қолдануға арналған талаптар.

  1. Арнайы білім беру жүйесінде оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар.

Білім беру мазмұнын реттейтін құжаттардың жалпы сипаттамасы. Білім берудің мемлекеттік стандарты. Білім беру стандартының түсіндірушілік аппараты. Оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқулықтар, құру қағидасы. Қазіргі заманда арнайы білім беру мазмұнын модернизациялау жолдары.

  1. Арнайы білім беру мекемелерінде жеке, топтық және командалық эксперттік бағалауға сипаттама.

Жеке, топтық, командалық эксперттік бағалаудың сипаттамасы. Мүмкіндігі шектеулі балалардың даму деңгейін эксперттік бағалаудың алгоритмін өңдеу. «Педагогикалық өлшеудің» түсінігін анықтау.

  1. Мүгедектікті және еңбек етуге қабілетін жоғалты деңгейін шарттау (баланы мүгедектікке мақұлдаудың медициналық көрсеткіштері).

Мүгедектік және еңбекке қабілетсіздік деңгейін бекіту. «мүмкіндігі шектеулі баланы жеке оңалту бағдарламасы» түсінігі. Жәрдемақы, көмекақы және зейнетақы. Мүгедек балаларға санаторлы курорттық емделумен қамтамасыз ету. Шет елде емдеу.
2015-2016 оқу жылында

6D010500 – Дефектология мамандығы бойынша

докторантураға түсу үшін сұрақтар



  1. Әлеуметтiк мәдениет мәселелерiнiң контекстiндегi арнайы бiлiм.

  2. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік интеграциялау.

  3. Арнайы педагогика және психология тарихы және философиясы.

  4. Арнайы білім беру мен шетелдік педагогикалық ойлардың даму тарихы.

  5. Қазақстан республикасындағы арнайы бiлiмнiң жүйесiнiң мәдениеттi-тарихи динамикасы.

  6. Арнайы білім сапасын басқару.

  7. Арнайы білім нәтижелерін және білім беру технологияларын жоспарлау.

  8. Арнайы білім беру жүйесін жобалау және саралау.

  9. Арнайы білімнің вариативті жүйелері.

  10. Инклюзивті білім беру жағдайларында педагогтарды әлеуметтік-гуманитарлық дайындаудың теориясы және техологиясы.

  11. Арнайы білім беру жүйесіндегі әлеуметтік педагогика.

  12. Арнайы психология мен педагогикадағы іргелі және техникалық білімді интеграциялау.

  13. Арнайы психология мен педагогикадағы ғылыми зерттеулердің қызметі және бағдары.

  14. Арнайы психология мен педагогикадағы ғылыми үлгілеу әдісі, арнайы білім беру ұйымдарындағы түзету-педагогикалық үрдістегі оқу материалы мазмұнының құрылымын талдаудың негізі болып табылады.

  15. Зерттеу деңгейлерін сәйкестендіру және жоспарлау.

  16. Адам дамуын мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қатынасында көрсететін статистикалық көрсеткіштерді топтастыру.

  17. Халықаралық құқықтық актілер, шет елдердің заңдары, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығын қорғау саласындағы ұлттық заңдар.

  18. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қолдаудың шет елдік үлгілері.

  19. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қорғауды қаржыландырудың халықаралық стандарты.

  20. Мүгедектердің құқықтары жайлы конвенция БҰҰ (ООН). Қазақстан Республикасының конвенцияны бекіту үрдісі.

  21. Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қорғау құқығының ресми идеологиясы.

  22. Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтік экономикалық инфрақұрылымы.

  23. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы әлеуметтік көмек көрсету жүйесі.

  24. Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларын қолдау.

  25. Әлеуметтік институттар жүйесінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды ақпараттық жағынан қорғау.

  26. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметке қосу үрдісіндегі мемлекеттік ұйымдардың атқаратын қызметі.

  27. Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқытудағы мемлекеттің инклюзивті саясаты.

  28. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқытуға қазіргі заманға сай инновациялық білім технологиясын қолдану үрдісін білу.

  29. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қашықтан оқыту формасын енгізу және жобалау.

  30. Арнайы білім беру жүйесін нормативті-құқықты және әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.

  31. Аарнайы білім берудің сапасын бағалайтын индикаторды жетілдіру.

  32. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмірлік әрекеттерін қолайлы әлеуметтік орта мен білімдік (кәсіптік) шарттармен қамтамасыз ету бағдарламаларын енгізу және құрау.

  33. Білім беруді басқару, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың және олардың білімдік (кәсіптік), медициналық, әлеуметтік қызметтерін қажетсінуді есепке алу мен есеп жүргізудің мемлекеттік жүйесін құрау.

  34. Арнайы білім беру саласында стратегиялық бағыттарды өңдеу, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеуді ұйымдастыру мен өткізу.

  35. Арнайы білім берудегі интеграциялық үрдісте мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік медико-педагогикалық түзете қолдау бағдарламаларын ғылыми түрде сүйемелдеу.

  36. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға кәсіптік білім беруді оқу-әдістемелік және нормативті-құқықтық тұрғыда қамтамасыз ететін білім бағдарламаларын құру.

  37. Жақын шет елдердегі мүмкіндігі шектеулі балалар мәселелері бойынша қазіргі психологиялық-педагогикалық зерттеулер.

  38. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте бастан психологиялық-педагогикалық көмек көрсету қызметі (отандық және шет елдік тәжірибе).

  39. ҚР ерте бастан түзетушілік-дамытушылық көмек көрсетудің ұлттық жүйесі.

  40. ҚР мүмкіндігі шектеулі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың жүйесі.

  41. Әртүрлі білім ұйымдарында түзетушілік-педагогикалық үрдісті ұйымдастыру.

  42. Мүмкіндігі шектеулі балаларды білімдік үрдіске ендіру.

  43. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту жүйесіндегі қазіргі ақпараттық-коммуникативтік технологиялар.

  44. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін көмекші компенсаторлық және техникалық құралдар.

  45. Ерте жастағы балалардың психофизикалық дамуының бұзылуының скринингін амбулаторлық- емхана ұйыдарында (АЕҰ) ұйымдастыру.

  46. Кохлеарлы имплантация есту-сөйлеуді оңалтудың жоғары технологиялық әдіс ретінде.

  47. Мүгедектік, зақымдану мен жарақаттанудың халықаралық классификаторлары.

  48. Өткізілген тексеру негізінде балалармен жүргізілетін түзетушілік- педагогикалық және түзетушілік-психологиялық жұмысты жоспарлау.

  49. Басқарушылық циклде арнайы білім беруде мониторинг сапасы жеке звено ретінде.

  50. ҚР арнайы білім беру жүйесінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру.

  51. Мүмкіндігі шектеулі баланы психологиялық-педагогиқалық және медициналық әлеуметтік қамтандыру.

  52. Арнайы білім беру (түзету) ұйымдарында оқыту және тәрбиелеу технологиялары.

  53. ҚР мүмкіндігі шектеулі балаларға мектепте тәрбиелеу және оқытудың нормативті-құқықтық қамтамасыздандыру.

  54. Мүмкіндігі шектеулі балалардың даму деңгейін эксперттік бағалаудың алгоритмін өңдеу.

  55. Арнайы білім беру мекемелерінде ерте жастағы балаларға арналған жеке түзету-дамытушылық бағдарламаларының орындалуының алгоритмі.

  56. Арнайы білім беруде мониторинг сапасының орындалуына қажетті жағдайлары.

  57. Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуын деңгейін педагогикалық диагностикалаудың мақсаты, міндеттері және принциптері.

  58. Арнайы білім беру жүйесінде оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар.

  59. Арнайы білім беру мекемелерінде жеке, топтық және командалық эксперттік бағалауға сипаттама.

  60. Мүгедектікті және еңбек етуге қабілетін жоғалты деңгейін шарттау (баланы мүгедектікке мақұлдаудың медициналық көрсеткіштері).


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет