Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары



бет11/123
Дата10.12.2022
өлшемі425,54 Kb.
#162217
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   123
Байланысты:
d2ee2137de53b7a541163002d6787d5a

Экономикалық мегатрендтер
Әлемдік экономикада ДСҰ қағидаттарына (Трансатлантикалық әріптестік, өңірлік Тұтастай қамтитын экономикалық әріптестік) залал келтіретін сауда режимдерін өңірлендіру, «санкциялық соғыстар» және протекционизмнің күшеюі сияқты күрделі процестер байқалуда. Экономикалар мен билікті орталықсыздандыру жүріп жатыр: «Brexit» – (Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы), АҚШ саясатының («americanism, not globalism») жаңа акценті. Ресей үшін қағидатты болып табылатын АҚШ-пен және Батыспен бәсекелестік тереңдей түсуде. Осыған қарамастан, нарықтар мен ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ететін технологиялар мен ұтқырлықты дамыту, капитал ағындарының трансшекаралық қозғалысы және халықаралық қаржыландыру жаһандану процесін объективті құбылыс етеді.
Жаппай өндіруден жаппай кастомизациялауға ауысу жүріп жатыр. Ірі компаниялар арасында өнімнің сапасы, қосымша көрсетілетін қызметтер және клиентке бағдарлану деңгейі шешуші рөл атқаратын «тұтынушы үшін үздіксіз шайқас» жүргізілуде.
Қызмет көрсету саудасында қарқынды өсу байқалады. Көрсетілетін қызметтердің көпшілігі цифрлық бола түсуде, ал дәстүрлі тауар өндірушілер өз ұсыныстарына түрлі көрсетілетін қызметтерді енгізеді.
Әлеуметтік қолдау енді тек қана мемлекеттік жауапкершілік аймағы болып табылмайды. Әлеуметтік қолдау көрсетуде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік пен үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдардың қызметі ерекше рөл атқарады. Мысалы, АҚШ-та корпоративтік және жеке әлеуметтік шығындардың ЖІӨ-дегі жалпы көлемі 11%-ды құрайды, бұл қазірдің өзінде мемлекеттік шығындардың 19% көлемімен шамалас.
Экологиялық мегатрендтер
Таза өндіріс пен жаңартылатын энергия көздеріне көшу жалғасуда. Қалдықтарды кәдеге жарату, көмірқышқыл газы шығарындыларына арналған квоталарды сақтау мәселелеріне байланысты бизнес пен үкіметке көп қысым көрсетіліп отыр. Бұл бизнесті жасыл технологияларды іздестіруге, әзірлеуге және енгізуге ынталандырады. Болжамдар бойынша 2020 жылға қарай әлемдік энергетикада жаңартылатын энергияның үлесі 2013 жылғы 22%-ға қарағанда, 26%-дан асады. ЖЭК-ке халықаралық инвестициялар 2001 жылғы 61 млрд АҚШ долларынан 2015 жылы 301 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды, ал энергиямен жабдықтауға жалпы инвестициялардан ЖЭК-тің үлесі іс жүзінде, 10%-дан 19%-ға дейін екі есеге ұлғайды.
Таза ауа мен таза ауыз суға қол жеткізу сияқты базалық өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету аса маңызды проблема болып қалып отыр. Мысалы, 2025 жылға қарай 1,8 млрд адам су ресурстары мүлдем тапшы елдерде немесе өңірлерде тұратын болады, ал әлем халқының үштен екісі су режимі шиеленіскен жағдайда болуы мүмкін.
Органикалық, экологиялық таза өнімдерге сұраныстың артуы байқалуда. Нәтижесінде 2011 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде ғана органикалық өнімдерді өндіруге бөлінген ауыл шаруашылығы жерлерінің ауданы 36 млн гектардан 44 млн гектарға дейін 22%-ға ұлғайды. 2020 жылы экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерінің әлемдік нарығы 200-250 млрд АҚШ долларын құрайды.
Аурулардың алдын алу мен салауатты өмір салты танымал болып келе жатыр. Дамыған елдердің халықтары осы мақсаттарға көп уақыттары мен жеке ресурстары жұмсайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет