Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары


«Электрондық сауданы дамыту» бастамасы



бет54/123
Дата10.12.2022
өлшемі425,54 Kb.
#162217
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   123
Байланысты:
d2ee2137de53b7a541163002d6787d5a

3.28 «Электрондық сауданы дамыту» бастамасы. Электрондық сауданы реттеу және тұтынушы мен кәсіпкер арасындағы өзара
қарым-қатынасты регламенттеу, сондай-ақ Интернетте тұтынушылардың құқықтарын қорғау жетілдірілетін болады. Атап айтқанда, қолма-қол төлемдері қазіргі шектеулер ақпараттық түсіндіру жұмыстары мен банк карталарымен қауіпсіз онлайн төлеуге қолжетімділік есебінен алып тасталады.


«Экспортты ілгерілету және оны әртараптандыру» басымдығы
Ішкі нарық сыйымдылығы төмен болған кездегі сыртқы өзгерістерге тұрақты экономикаға бағдарланған жолы өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласын экспортқа бағдарлауды талап етеді. Перспективалы экспорттық қоржын перспективалы өткізу нарықтарының қажеттіліктеріне және Қазақстанның салыстырмалы артықшылықтарына негізделе отырып, айқындалады.
«Экспорттаушыларды қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын кеңейту» міндеті
Экспорттаушылар сыртқы нарықтарда жұмыс істеу кезінде тарифтік және тарифтік емес кедергілердің болуы, сауда инфрақұрылымының жоқтығы, тәжірибенің және сұраныстың ерекшеліктері, өткізу арналары мен құқықтық өріс туралы хабардар болудың жеткіліксіздігі сияқты бірқатар қиыншылықтарға тап болады. Міндет шеңберінде осындай қиындықтарды еңсеру мен экспорттаушыларға қолдау көрсету бойынша шаралар іске асырылатын болады.
3.29 «Институттарды үйлестіру және экспорттаушылар үшін
«бір терезе» құру» бастамасы.
Процестердің қайталануын болдырмау және экспорттаушылардың қолдау алу процесінің айқындығын қамтамасыз ету үшін рөлдердің аражігін нақты бөлу жүргізіледі және экспортқа қолдау көрсететін ұйымдарды үйлестіру үшін тетіктер құрылады.
Бұдан басқа, Қазақстанда экспортты қолдау бойынша барлық көрсетілетін қызметтерді біріктіретін бірыңғай онлайн-платформа әзірленетін болады. Осы платформа базасында электрондық сервистер кешені, оның ішінде рұқсат беру құжаттарын алу, қолдау шараларын көрсету, көлік пен логистиканы басқару жөніндегі сервистер мен экспорттаушыларға консультациялар беруге арналған қосымша сервистер іске асырылады. Платформаның инфрақұрылымы кейін мүдделі мемлекеттік органдар мен даму институттары пайдалануы үшін экспорттаушыларға бірыңғай өткізу арнасы арқылы стандартталған түрде құжатты бір рет ұсынуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет