Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары


«Өңірлер арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін ынталандырулар жасау» бастамасы



бет72/123
Дата10.12.2022
өлшемі425,54 Kb.
#162217
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   123
Байланысты:
d2ee2137de53b7a541163002d6787d5a

5.8 «Өңірлер арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін ынталандырулар жасау» бастамасы. Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды құралдарының бірі олардың дамуы мен сапасының жоғарылауында әрі мемлекеттік және әлеуметтік қызмет көрсетулерге қолжетімділігінде синергетикалық әсер алу үшін өңірлер арасындағы өзара іс-қимыл болады. Мұндай өзара іс-қимыл бірлескен/үйлестірілген даму жоспарларын, бірыңғай жеткізу тізбегін құру мен құндылықтар жасау, көлік, коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін құру және басқару бойынша бірлескен жобаларды іске асыру үшін индустриалды дамуды үйлестіруді қамтуы мүмкін.
Аумақтық кластерлерді дамыту мен қолдау жөнінде шаралар қабылданатын болады және оларды қаржыландыру үшін бюджет қаражаты бөлінетін болады.


«Урбандалу және байланысты қамтамасыз ету» басымдығы
Урбандалу мен қалалық ортаны дамыту деңгейі жалпы елдің даму деңгейін көрсетеді және одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму үшін маңызды фактор болып табылады. Орта және шағын қалаларға мемлекеттік және жеке инвестицияларды, сондай-ақ еңбек ресурстарын тарту үшін мынадай міндеттер іске асырылатын болады.
«Шағын және орта қалаларға басымдық беріле отырып реттелетін урбандалу» міндеті
Мемлекеттің назары перспективалы, әсіресе ірі қалалардың – агломерациялар орталықтарының ықпал ету аймағында орналасқан шағын және орта қалалардың экономикалық дамуына, «SmartCity» тұжырымдамасы негізінде қалалық ортаны басқару үшін жоғары технологиялық шешімдерді енгізуге, перспективалы елді мекендер мен аудандардың дамуын үйлестіруге бағытталатын болады.
5.9 «Шағын және орта қалаларды дамыту» бастамасы. Елдің барлық қалаларының орта және ұзақ мерзімді перспективадағы экономикалық әлеуеті айқындалатын болады және өңірлердің экономикалық даму орталықтары ретінде облыстық және аудандық маңызы бар перспективтік орта және шағын қалаларды дамытуға ерекше назар аударылады. Аумақтарды дамыту бағдарламаларына халықты өнімді жұмыспен қамтуды, әлеуметтік инфрақұрылым мен қызмет көрсетулер аясын дамытуды, кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасауды, өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз ете отырып, перспективалы орта және шағын қалалардың басым дамуын көздейтін өзгерістер енгізілетін болады.
Облыс орталықтарын және басқа да орта қалаларды дамыту жөніндегі жұмыс негізінен жергілікті атқарушы органдардың күшімен жүзеге асырылатын болады. «Орталықтың» қатысуы ең алдымен ұлттық ауқымдағы ірі мемлекеттік жобаларда көзделеді.
Сонымен қатар шалғайдағы аумақтардың құлдырауын болдырмау үшін оларды жеке инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу арқылы перспективтік моно- және шағын қалаларды дамыту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Қалаларды тиімді дамыту мақсатында қалалық басқарудың, экономикалық саясаттың, бюджетті қалыптастырудың, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымды қолдауға арналған қаржылық құралдардың қазіргі заманғы қағидаларын ескеретін тиісті шаралар қабылданатын болады. Ірі қалалар функционалды қалалық аудандар (FUA. Functional Urban Areas) деп аталатынды құра отырып іргелес елді мекендермен қатар дамитын болады.
Тірек ауылдар мен шағын қалаларда экономикалық қызметтің (қызмет көрсетулер, өңдеу өнеркәсібі салалары және басқалары) ауыл шаруашылық емес түрлерін дамытуды қолдау шаралары қабылданатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет