Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары



бет202/255
Дата06.02.2022
өлшемі425,54 Kb.
#76497
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   255
Агроөнеркәсіптік кешен
АӨК саясаты ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыруға, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуді тереңдетуге, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мен экспортқа бағдарланған экологиялық таза өнім өсіруге бағдарланатын болады. 5 жыл ішінде 2017 жылмен салыстырғанда еңбек өнімділігін және қайта өңделген өнім эспортының көлемін 2,5 есе ұлғайту жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің барлық түрлеріне, атап айтқанда, өндірістік, дайындау және өңдеуге жан-жақты қолдау көрсетілетін болады.
Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығына инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан-Венгрия тікелей инвестициялар қорының тәжірибесін ескере отырып, жаңа инвестициялық қорлар құру мәселелері пысықталатын болады. Толыққанды сақтау, логистика және тиімсіз делдалдық құрамдастарды болдырмайтын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу инфрақұрылымын құру, сондай-ақ аграрлық машина жасауды дамыту нысаналы бағыттарға айналады.
Қазіргі заманғы технологияларды енгізу үшін халықаралық мамандарды тартумен және жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерін оқыта отырып, модельдік фермалар желісі құрылатын болады.
Ауыл шаруашылығында жануарлар мен өсімдік өнімдерін сәйкестендіру және қадағалау технологиялары қолданылады. Сондай-ақ субсидиялар бөлу процесін автоматтандыру, ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу мен кепілге беруді автоматтандыру жоспарланып отыр. Су және жер ресурстарын тиімді басқару және шөлейттенуге қарсы күрес үшін геоақпараттық жүйелер жаппай қолданыс табады.
Технологияларды тиімді трансферттеу және аграрлық ғылымды дамыту мақсатында отандық ауыл шаруашылығы ҒЗИ мен ЖОО-лардың халықаралық ғылыми қоғамдастықпен өзара іс-қимылы жандандырылатын болады, негізгі міндет асыл тұқымды гендік қорды дамыту, өсімдік шаруашылығында өнімділікті арттыру, нақты жер өңдеуді дамыту, сондай-ақ ресурстар тиімділігін арттыру болады.
Өнеркәсіпті білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін агроөнеркәсіптік кешендегі озық білімдерді және озық тәжірибелерді тарату, АӨК-тегі аграрлық университеттердің рөлі қайта қаралатын болады және оларды оқыту бағдарламалары жаңартылады.
Халықаралық экспорттық әлеуетті дамыту үшін стратегиялық салалар анықталады, азық-түлік қауіпсіздігін ескере отырып, өнімнің басым түрлері бойынша экспортқа қолдау көрсетіледі. Ол үшін, толық өндіріс циклын орнатуға және тиісті логистикалық бағыттарды орнықтыруға бағытталған жүйелі шаралар қолдану жоспарланады.
Органикалық өнім өндіру, оның ішінде оны дамыған елдерге экспорттау ауыл шаруашылығы өндірісінің экспорттық әлеуетін дамытудың перспективалы бағытына айналады. Органикалық өнімдер өндірісін сертификаттаудың өзіндік жүйесі енгізіледі, өнімнің сапасын анықтау бойынша мамандандырылған зертханалар дамытылады.
«Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін жасау және ілгерілету арқылы, әлеуетті нарықтарға ауыл шаруашылығы өнімдерін насихаттауға мақсатты қолдау көрсетілетін болады.
Субсидиялау тетіктері өнімділікті арттыруға, шикізатты өңдеуді тереңдетуге және агротехнологияларды енгізуге бағдарланатын болады.
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» (бұдан әрі - «ҚазАгро» ҰБХ) арқылы АӨК-ті дамытудың басым бағыттарын қаржыландыру, холдингтің еншілес ұйымдары арқылы тікелей кредиттеуді кезең-кезеңімен тиімсіз субсидиялар қысқарту және кейін АӨК субъектілерін кредиттеу үшін жеке қаржы ұйымдарымен (кредиттік серіктестіктерді, микроқаржы ұйымдарын, екінші деңгейдегі банктерді, лизингтік компанияларды) қаржыландыруды ұлғайту арқылы жалғастырылады. Кредиттік серіктестіктер мен кооперативтер желісі кеңейтіліп, дамытылады, кредиттік серіктестіктер мен кооперативтердің, қызмет стандарттары мен қағидаларын әзірлеу, кредиттік серіктестіктердің қызметін бақылау-қадағалау функциялары бар өзін-өзі реттейтін ұйымдарды құрудың мүмкіндігі қарастырылатын болады.
Өсімдік шаруашылығы өнімін тиімді дамыту мақсатында қайта өңдеу және өнімдерді өткізу инфрақұрылымымен байланыстыра отырып, өндірісті өңірлік мамандандыру қамтамасыз етіледі. Өсімдік шаруашылығында өсімдік шаруашылығы өнімін сақтау инфрақұрылымын салу, минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдалануды ынталандыру, жоғары репродукциялы тұқым өндіру және пайдалануды ынталандыру қамтамасыз етіледі.
Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру, бір жылдық және көпжылдық шөптердің, жем-шөптің, майлы дақылдардың және өзге де басым дақылдардың алқаптарын ұлғайту, аралас жемдерді өндіруді және сұранысқа ие өнімдерді экспорттауды ұлғайту бойынша жұмыстар жалғастырылады. Топырақты рекультивациялау және мелиорациялау тәсілдері жаңартылады. Сонымен бірге фермерлердің жерді тиімді пайдалануын ынталандыру үшін бірқатар шаралар әзірленеді.
Мал шаруашылығының жем-шөп қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында мал дақылдарын өндіру өндірісіне жұмсалған шығындарды және мамандандырылған техника мен жабдықты сатып алу кезіндегі инвестициялық шығындарды субсидиялау есебінен азық дақылдары өндірісінің өсуін ынталандыру қамтамасыз етіледі.
Мал шаруашылығында еттің көлемі мен сапасының өсуін қамтамасыз ету үшін асыл тұқымды тектік қорды ұлғайтуға, сондай-ақ жем-шөппен қамтамасыз етуді арттыруға аса назар аударылатын болады. Республикалық палаталар мен мемлекет тарапынан асыл тұқымды мал өнімінің сапасын бақылау, селекциялық және асыл тұқымды мал өсіру жұмыстарының сапасын бағалау тетіктері күшейтіледі.
Ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде ветеринариялық диагностикалық және иммундық-профилактикалық препараттарды пайдалануды ұлғайту жөніндегі диагностикалық, профилактикалық және жою іс-шаралары өткізілетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет