3.10 «Кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау шараларымен кеңейту» бастамасы.Кәсіпкерлік әлеуетті, құзыреттілікті арттыру және іскерлік байланыстарды кеңейту мақсатында кәсіпкерлерді сервистік қолдау шаралары кеңейтіліп бизнесті қаржылық емес қолдау құралдары жетілдірілетін болады. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде оқыту бағдарламаларына қатысушыларға, оларды іріктеу рәсіміне, басшылық пен тәлімгерлік деңгейіне мониторинг жүргізіледі, бұл бағдарламаның негізгі кемшіліктері мен ақтаңдақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Бағдарламаға қатысу үшін квоталар кеңейтіледі. Құзырет орталықтарына айналатын кәсіпкерлерді қолдау орталықтары бизнесті қолдау мен дамытудың барлық қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалары бойынша толық ақпарат береді, бизнес-жаттықтырушыларды тарта отырып, консультациялар мен білім беру бағдарламаларын ұсынады.