Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары


«Автомобиль жолдарының сапасын арттыру және жол бойындағы көрсетілетін қызметтерді дамыту» бастамасы



бет102/255
Дата06.02.2022
өлшемі425,54 Kb.
#76497
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   255
3.26 «Автомобиль жолдарының сапасын арттыру және жол бойындағы көрсетілетін қызметтерді дамыту» бастамасы. Республикалық, сол сияқты жергілікті автомобиль жолдары желісінің жағдайын жақсарту үшін күтіп ұстауға, жөндеу мен реконструкциялауға арналған қаржыландыру көлемі ұлғайтылатын, сондай-ақ жол жөндеу жұмыстарымен қамту кеңейтіледі. Бұл ретте жолдарды күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсалатын шығыстардың тиімділігін арттыру үшін автожолдарды ақаусыз күтіп ұстау жөніндегі, яғни тікелей нәтижеге бағдарланған келісімшарттардың жаңа нысандары енгізіледі. Аталған келісімшарттардың басты ерекшелігі жұмыс көлемін сандық есепке алудан - жол жағдайының сапалық көрсеткіштеріне ауысу болып табылады, бұл ретте мердігер жұмыстарды орындаудың сабақтастығы мен технологияларын өз бетінше таңдауға құқылы.
Бөлінетін бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне, автожолдарды салу мен күтіп ұстауға жұмсалатын шығасыларды төмендетуге назар аудара отырып, жол желісінің (әсіресе жергілікті жолдардың) сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстарды бағалау үшін нақты критерийлер мен сапалы индикаторлар әзірленетін болады.
Жол бойындағы сервисті дамыту мақсатында халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында қызмет көрсету объектілерін салу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Объектілердің бір бөлігі желілік бизнес-құрылымдарды тарта отырып салынатын болады, кешенді сервис объектілері болып қайта құрылады немесе толық жарақтандырылады. Бұл ретте жеке сектордың мүдделілігін арттыру үшін перспективалы сервис объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойына орналастыру схемасы бекітіледі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың салынып жатқан және жоспарланып отырған сервис объектілеріне инженерлік коммуникацияларды тартуға рұқсат құжаттарын беру рәсімдерін жеңілдету мүмкіндігі қаралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет