5.2 «Өңірлердің экономикалық дербестігін арттыру» бастамасы. Жергілікті атқарушы органдардың нысаналы трансферттер мен субсидияларға тәуелділігін төмендету және оларды өздерінің мықты жақтары мен бәсекеге қабілеттілік басымдықтарына сәйкес өңірлердің экономикасын дамыту бойынша пәрменді шаралар қабылдауға ынталандыру қажет.
Жергiлiктi атқарушы органдардың кірістік базасы капиталдың ұлттық нарығына инвестициялық қарыздарды тарту және кәсіпкерлікті ынталандыру нәтижесінде жергілікті бюджет кірістерінің артуы есебінен кеңейтіледі деп күтілуде. Сонымен қатар, өңірлік бюджеттерге шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы бойынша түсімдер берілетін болады.