5.7 «Республикалық бюджеттен инвестицияларды негіздеу процесін енгізу» бастамасы. Республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін жергілікті жобаларды айқындау кезінде жеке сектор қоса қаржыландыратын жобаларға басымдық берілетін болады. Салымдар бірлігіне шаққанда ең көп адам санын қамтитын және өнімділіктің өсуіне, технологиялық жаңартуға, цифрландыруға және экспортқа бағдарланған тауарларды шығаруға бағытталған жобалар басым жобалар деп есептелетін болады.
5.8 «Өңірлер арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін ынталандырулар жасау» бастамасы. Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды құралдарының бірі олардың дамуы мен сапасының жоғарылауында әрі мемлекеттік және әлеуметтік қызмет көрсетулерге қолжетімділігінде синергетикалық әсер алу үшін өңірлер арасындағы өзара іс-қимыл болады. Мұндай өзара іс-қимыл бірлескен/үйлестірілген даму жоспарларын, бірыңғай жеткізу тізбегін құру мен құндылықтар жасау, көлік, коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін құру және басқару бойынша бірлескен жобаларды іске асыру үшін индустриалды дамуды үйлестіруді қамтуы мүмкін.
Аумақтық кластерлерді дамыту мен қолдау жөнінде шаралар қабылданатын болады және оларды қаржыландыру үшін бюджет қаражаты бөлінетін болады.