5.13 «Өңірлерде сапалы білім мен денсаулық сақтаудың қолжетімділігі» бастамасы. Денсаулық сақтау инфрақұрылымы инвестицияларды тартуды және жеке сектордың үлесін ұлғайтуды, ғимараттың дизайнына және инфрақұрылымын күтіп-ұстауға технологиялық жаңашылдықтарды енгізуді көздейтін денсаулық сақтау желісін дамытудың бірыңғай перспективалы жоспарының негізінде халықтың қажеттіліктерін есепке ала отырып қалыптастырылатын болады.
Созылмалы инфекциялық емес аурулары бар пациенттерді инвестициялық жоба шеңберінде қашықтықтан мониторингтеу бойынша мобильдік қосымшалар мен гаджеттерді енгізумен SMART-медицина технологиясын жетілдіру жөніндегі жұмыстар жалғастырылады. Медициналық ұйымдар қажетті IT-инфрақұрылымымен, Интернетке және меншікті бизнес-процестерді автоматтандыруға арналған сертификатталған медициналық ақпараттық жүйелермен жасақталатын болады.
Аудан деңгейіндегі медициналық мекемелердің құзыреттілігін нығайту және материалдық-техникалық жабдықтау бойынша ұсыныстар қарастырылады.
Өңірлерде білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында мектептердің жай-күйі жақсартылады және олардың материалдық-техникалық базасы жаңартылады. Интерактивті және инновациялық технологияларды қолданумен қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері пысықталатын болады. Жақын орналасқан елді мекенде тұратын мектеп оқушылары үшін тірек мектептерді (ресурстық орталықтарды) ашу және жақын елді мекендерде тұратын оқушылар үшін мектеп көлігін іске қосу жұмысы жалғасады.