Күтілетін нәтижелер Мемлекеттік аппараттағы өзгерістерді іске қосу Стратегиялық жоспардың басқа да реформаларын енгізуді және олардың әсер болуын жеделдетеді. Өзгерістердің қозғаушысы рөлін атқара отырып, мемлекеттік сектор басқару әдістерінің бейімділігі мен қазіргі заманауилығын арттырады, шешімдер қабылдауды жеделдетеді және көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыру және неғұрлым ықшам аппаратты қалыптастыру есебінен мемлекеттік шығындарды үнемдеуді жүзеге асыра алады.
Азаматтарды мемлекет қызметіне тарту мемлекеттің күш-жігерін нақты өмір сүру сапасын жақсартуға неғұрлым тиімді трансляциялауға мүмкіндік береді. Клиентке бағдарлану халық пен бизнестің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қанағаттанушылығын арттырады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан Дүниежүзілік Банктің мемлекеттік басқару тиімділігі индексінде 51.44 процентильден 60-75 процентильге дейін көтеріледі.
5-тарау. Эволюциялық жол: «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асырудың басым бағыттары