4-міндет. Ұлттық экономиканы жаңғыртудағы ұлттық холдингтердің рөлі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ), «Бәйтерек» (бұдан әрі - «Бәйтерек» ҰБХ) және «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингтері экономикалық өсудің жаңа моделін құруда белсенді рөл атқаратын болады. Осы ретте бұл холдингтердің рөлі мемлекеттік бастамалар мен бағдарламаларды өткізушілер рөлінен экономиканың жеке секторының дамуымен қарама-қайшылыққа түспей, елдің ұзақ мерзімді дамуына ықпал ететін мемлекеттік және коммерциялық мақсаттарды көздейтін, қазіргі заманғы тиімділігі жоғары, ықшам және кәсіби институттардың рөліне өзгеруі тиіс. Бұл ұйымдардың активтері мен функционалы экономиканы әртараптандыруға, цифрлық және технологиялық жаңғыртуға бағытталатын болады.
Бұл ретте олардың стратегиялық рөлінің сәттілігінің негізгі факторы квазимемлекеттіктен корпоративтік басқарудың жоғары деңгейі бар жоғары технологиялы және тиімді институттарға трансформациялану процестерін тиімді аяқтау, холдингтердің тән емес функциялары және міндеттері yellow pages қағидаттарына сәйкес оңтайландыру және активтерді бәсекелес ортаға беру, жаңа салаларды дамыту мақсатында инвестициялық қызметтің тәсілдерін жетілдіру болып табылады.