Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары


-міндет. Тұрғын үйге қолжетімділікті және инфрақұрылымының жайлылығын арттыру



бет237/255
Дата06.02.2022
өлшемі425,54 Kb.
#76497
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   255
3-міндет. Тұрғын үйге қолжетімділікті және инфрақұрылымының жайлылығын арттыру
Тұрғын үй саясаты жер учаскелерін инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және азаматтарға жеке тұрғын үйлерді салуға осы жер учаскелерін бөлу арқылы жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталатын болады.
Жылына 40 мыңнан астам жер учаскелерін инженерлік желілермен жыл сайын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Пилоттық жоба шеңберінде облыс орталықтарында, моно және шағын қалаларда негізінен отандық құрылыс материалдарын қолдана отырып (90%-ға дейін), бірыңғай сәулеттік стильде аз қабатты жеке тұрғын үйлер салынады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары мен әкімдіктердің кезекте тұрғандарға кредиттік тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту үшін бұрын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен бөлінген қаражат тартылатын болады. Тартылған қаражат «револьверлік» негізде тұрғын үй жинақ жүйесіне қатысушылардың тұрғын үйді сатып алуы есебінен кері қайтады. 2025 жылдың соңына дейін
8,5 млн шаршы метр кредиттік тұрғын үй енгізіледі, бұл 120 мыңнан астам азаматты тұрғын үймен қамтамасыз ететін болады.
Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үй мәселелерін шешу үшін сатып алу құқығынсыз тұрғын үйді жалға алу құралы пайдаланылады. Осы мақсатта жыл сайын шамамен 3 мыңға жуық пәтер салынады.
Жалпы 2022 жылға қарай 53 млн шаршы метр, 2025 жылға дейін –
96,5 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 900 мыңнан астам пәтер салу жоспарлануда.
Бұл шаралар қазақстандықтардың тұрғын үймен 2030 жылы бір тұрғынға 21,6 ш.м-ден 30 ш.м-ге дейін қамтамасыз етілуін арттырады.
Тұрғын үй-коммуналдық саладағы саясат сапалы коммуналдық қызметтерді үздіксіз беруді қамтамасыз етуге, басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға, энергияны үнемдейтін және ресурс үнемдеуші технологияларды пайдалануға бағытталатын болады. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту негізінен МЖӘ негізінде жүзеге асырылатын болады.
Пәтер иелері мен басқару органдарының өзара іс-қимылы мен жауапкершілігін бөлудің оңтайлы тетіктері айқындалады, коммуналдық инфрақұрылым секторында объектілерді жаңғырту, трансферттер мен инновациялық технологиялар бойынша жұмыс жалғасады.
Сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында сектордың ашықтығын, ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету, тарифтерді қалыптастыру жүйесін жетілдіру бойынша жүйелі шаралар қабылданатын болады.
Цифрландыру шеңберінде саланың ашықтығын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының субъектілерін толық қамтуды қамтамасыз ететін бірыңғай деректер базасы енгізілетін болады.
Ғимараттарды жобалауға, ғимараттарды жоспарлауға, құрылыс әдістеріне және қазіргі заманғы материалдарға жаңа тәсілдерді қолдануға, сондай-ақ қолданыстағы үйлер мен инфрақұрылымдарды зияткерлік басқару жүйелерімен жабдықтауға ықпал ететін ғимараттардың сапасына, экология және энергия тиімділігіне қойылатын талаптар арттырылатын болады. Құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар әлемдік тәжірибені есепке ала отырып тұрақты негізде жаңартылып отырады. Бұл тұрғындар үшін тұрғын үйдің жайлылығын арттырады және электр энергиясының, жылудың және судың құнын төмендетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет