6-міндет. ЖЭК-ті дамыту, дәстүрлі энергия көздерін жетілдіру Жоспарлаудың, әкімшілендірудің және тарифтеудің икемді жүйесін болжайтын ЖЭК қолдаудың аукциондық тетігін енгізу бөлігінде ЖЭК саласындағы заңнама жетілдіріледі. ЖЭК нарығында әкімшілік кедергілер азайтылады.
ЖЭК қолданатын Энергия өндіруші ұйымдар тізбесінде көзделген ЖЭК саласындағы жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Қазақстан Республикасының бірыңғай энергетикалық жүйесінің аймақтары бойынша ЖЭК объектілерінің рұқсат етілген максималды қуаттылығын жыл сайын бекіту мүмкіндігі қарастырылуда.
Бір мезетте дәстүрлі энергия көздерін өндірушілерге және тұтынушыларға қолданылатын технологиялар мен өндірістік қуаттардың тиімділігін арттыру және жаңғырту, қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына түсетін жүктемені азайту бөлігінде қойылатын талаптар күшейтіледі.