1.15 «Қайта даярлау бағдарламаларын дамыту» бастамасы. Технологиялық өзгерістерді іске қосу үшін қажетті мамандарды қайта даярлау үшін қолда бар жоғары оқу орындары мен ТжКБ ұйымдары қызметкерлерді қайта оқыту мен біліктілігін арттыру курстарын ашады. Бұл курстар жұмыс пен оқуды біріктіруге ыңғайлы түрлі форматта – кешкі оқыту нысанында, өндірістен қол үзіп және қол үзбей оқыту нысанында ұсынылады.
Жұмыс істеп тұрған кәсіптік білім беру ұйымдарынан басқа оқыту инфрақұрылымы кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарымен және жеке провайдерлермен толықтырылады. Операторлардың бәсекелі нарығын дамыту қайта даярлау бағдарламаларын тезірек ауқымды етуге және еңбек ресурстарына сұраныстың өзгеруіне ден қоюдың жедел тетігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оқытуды бюджеттік қаржыландырумен қатар компаниялар тарапынан бірлесіп қаржыландыру оқыту барысында алынған білімді белсенді қолдануға ынталандырады.