«Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды дамыту» міндеті Міндет шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау есебінен бизнестің өсуі үшін жағдай жасау және оны жақсарту бойынша жұмыс жүргізіледі.
3.9 «Бизнеске қызмет көрсету және қолдау бойынша «бір терезе құру» бастамасы. Кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуін жеңілдету үшін мемлекеттік дерекқорлармен және ақпараттық жүйелермен интеграцияланған және «бір терезе» қағидаты бойынша электрондық форматта мемлекеттік қолдау құралдарын ұсынатын цифрлық платформа құрылады.
Бизнеске көрсетілетін рұқсат беру және әкімшілік сипатындағы мемлекеттік қызмет көрсетулер «электрондық үкімет» веб-порталы мен жылжымалы желісінің абоненттік құрылғысының көмегімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін болады.
Бизнеске даму институттары көрсететін қызметтер де бір электрондық ресурста толық жүйелендіріліп, ретке келтірілетін болады.